Атырау, 20 сәуір 13:36
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Президент министрлер мен әкімдерге білім реформасына қатысты сараптама жасауды тапсырды

2 380 просмотра

Image 0Фото: Akorda.kzҚазақстанда оқушылардың жазғы демалысын қысқартып, үш тілде білім беру жүйесін енгізуге қатысты мәселеде де Үкімет қоғамның пікіріне құлақ асуы керек, - деді бүгін Ақордада кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Жазғы демалысты қысқартып, үш тілде білім беру жүйесін енгізу жөніндегі Білім және ғылым министрінің мәлімдемесіне қатысты да халықтың сұрары бар. Бұл жерде де Үкімет қоғамның пікіріне құлақ асуы керек, дәстүрлі түрде өтіп жүрген ұстаздардың тамыз конференциясында осы мәселені бүге-шүгесіне дейін талқылауға болады.

Оқу жылын ұзарту мен үш тілде білім беру мәселесін талқылауға Қоғамдық кеңестер де тартылып, жаңа пікірталас алаңдары пайда болу керек. Сондықтан, әрбір министр мен әкімге өз уәкілеттілігінің аясында осы реформаның әрқайсысына қатысты қоғамның не ойлайтынын біліп, сараптама жасауды тапсырамын», - деді Президент.

Дереккөз: Іnform.kz

6 мамыр 2016, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.