Атырау, 20 сәуір 20:26
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Италия соты қазақстандық дипломат Толмачевті қылмыстық жауаптылықтан босатты

2 440 просмотра

Италия соты үстіміздегі жылдың көктемінде сырқатына байланысты Еуропада ұшақ алып қашуға талпынған Қазақстан үкіметінің ЮНЕСКО-дағы өкілінің орынбасары дипломат Валери Толмачевті қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов.

«Сот оған (Толмачевке) қатысты босату туралы шешімін қабылдап қойды. Тек емін аяқтау ғана қалды. Оны азаматтық емханада тағы үш айдың соңына дейін италиялық үкіметтің есебінен емдейді. Сосын ол Алматыға қайтып оралып, соңынан осында ем қабылдауын жалғастырады», - деп түсіндірді Сүлейменов сәрсенбі күні Астанадағы баспасөз-конференциясында.

Оның мәліметінше, Толмачевті бүгін Неаполден Римге алып келеді. «Неаполде ол түрменің психиатриялық емханасында болып, ал қазір оны Римдегі азаматтық емханаға ауыстырып жатыр», - деп хабарлады Сүлейменов.

Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары"

14 желтоқсан 2011, 19:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.