Атырау, 29 наурыз 15:00
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырау Барыстары» – баскетболдан ел чемпионы

2 348 просмотра
Image 0Сурет "Атырау Барыстары" сайтынан алынды

3 мамырда Астанада Ұлттық Лигадағы ерлер командалары «Астана» мен «Атырау барыстары» арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатының финалдық плей-офф сериясының үшінші ойыны өтті.

Атырауда өткен алғашқы екі матчта «Астана» алаң иелеріне екі рет есе жіберді – 67:87, 88:90. Финалдық серия бір команданың үш жеңісіне дейін жалғасады, «Барыстарға» соңғы нүктені қою ғана қалды.

Шешуші матч сәтті өтті. Қонақтар жеңуге тырысып бақты, алайда, шаршап қалды, ал, «Барыстар» жеңіл және еркін ойын мәнерін көрсетті.

Дегенмен, екінші ширек аяқталғанша командалар тең келе жатты. Қалған уақытта алаң иелері алға шығып, астаналықтар оларды тоқтата алмады. Матчтың қорытынды есебі – 82:73.

Сонымен, «Барыстар» - ел чемпиондары. «Астана» күміске ие болды, қола медаль үшін өткен матчта «Қапшағай» ақтаулық «Каспийді» қапыда қалдырды. Чемпионаттың ең үздік қатысушылары қатарында «Барыстардың» екі негізгі ойыншысы бар – шабуылдаушы қорғаушы Райан КУК және ортадағы ойыншы Михаил ЕВСТИГНЕЕВ. Өз жігіттерімен жеңісті ұжымның бас бапкері Олег Валерьевич КИСЕЛЕВ те тойлауда.

Бұған дейін «Барыстар» Ұлттық лигада тек бір рет чемпиондық атаққа қол жеткізген еді – ол 2011 жыл болатын. Қыркүйекте олар Иранда өтетін баскетболдан Азия чемпиондарының Кубогында бақтарын сынайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 мамыр 2016, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.