Атырау, 29 наурыз 10:59
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қабылдағыштар жаңартылды

2 065 просмотра

- Менің Отау ТВ жерсеріктік телехабар тарату желісіне қосылғаныма жарты жыл уақыт болды. 18 сәуірде техникалық үзілістен соң телеэфир қосылған кезде «Еуразия», «КТК», «НТК» телеарналарынан басқа қазақ тілінде телехабар тарататын арналар көрсетпей қалды. Бұл немен байланысты?Абат Бисенбаев, Левая Нижняя перетаска тұрғыны

Сұраққа «Қазтелерадио» АҚ Атырау облыстық радиотелехабарды тарату дирекциясының директоры Д. ХҰСЫНОВ жауап берді:

- 2016 жылдың 18 сәуірінде «Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық қондырғыларында қызметті жабу арқылы, сондай-ақ, еркін қолжетімділіктегі отандық телеарналардың ақпараттық жылдамдығын арттыру, «OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабар таралым бағдарламалар пакетіндегі телеарналар құрамын өзгерту жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстардың жүргізілуі кейбір көрермендердің қабылдағыштарында жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жасаудың қажеттілігін тудырды.

Эфирлік және жерсеріктік хабар тарату желісіне қосылған көрермендерге осындай жұмыстарды жүргізу алдында жасалатын жұмыстар туралы хабарлама беріледі. Қабылдағыштарды жаңарту және жаңғырту үшін 193 немесе 7193 телефондары арқылы call-орталыққа, сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ-ның Атырау облыстық филиалының сату орталығы 27-62-51, 27-62-52, 55-84-44 (ішкі номер 3904, 4001, 3915) телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Егер де көрермен өз бетімен белгілі бір жұмыстарды жасай алмаған жағдайда арнайы авторландырылған дилерлердің көмегіне жүгіне алады.

5 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.