Атырау, 29 наурыз 01:19
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қарақшы зейнеткердің басынан шөлмекпен ұрған

2 156 просмотра

Құрманғазы аудандық соты қарақшылық жасады деп айыпталған Амангелді ауылының 21 жастағы тұрғынына үкім шығарды.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, наурыздың 6-на қараған түні жас жігіт 70 жастағы кемпірдің үйіне басып кіріп, қолындағы арақ шөлмегімен есінен танғанша басынан бірнеше рет ұрған. Ессіз күйге түскенін пайдаланған қарақшы оның үстіндегі киімінің қалтасынан 33 мың теңге ақшасын алып кеткен. Сот-медициналық сараптамасы қарт әйелдің денсаулығына ауыр зиян келтірілгенін анықтады.

Құрманғазы аудандық прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВТЫҢ айтуынша, сотталушы ҚР ҚК 192-бабы 22-тармағының 3-ші және 4-ші тармақтары («Тұрғын үйге заңсыз кіріп, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп жасалған қарақшылық») бойынша айыпты деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 сәуір 2016, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.