Атырау, 19 сәуір 19:34
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Оралға интернет арқылы

2 779 просмотра

Image 0Атырау - Орал бағытындағы автобус билеттерін енді онлайн-режимде алуға болады.

Ол үшін www.atyraubus.kz сайтындағы "Билет сатып алу" бөліміне кіру керек. Электронды билеттер алдын ала автобус жүретін уақыттан 15 күн бұрын сатылады және жүруге екі сағат қалғанда тоқтатылады. Автобусқа отырғызылған кезде электронды билеті бар жолаушыда өзімен бірге жеке бас куәлігі болуы керек.

Тасымалдаушы «ЛаВаТранс» компаниясындағылар Атырау - Орал бағытында тағы Орал қаласының "ЗапКазАвто" компаниясы жұмыс жасайтынын, бірақ интернеттен тек қала арасында күнара жүретін атыраулық тасымалдаушының автобусына ғана билет сатып алуға болатынын ескертті.

Қазіргі кезде онлайн-режимде билеттерді шектеулі саны сатылуда. Ол сұранысқа қарай көбейетін болады. Автобекеттегі кассалар бұрынғыша жұмыс жасауда.

Тамара СУХОМЛИНОВА

30 сәуір 2016, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.