Атырау, 23 сәуір 11:09
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Топан судан соң

Бейнежазба
2 288 просмотра


Атыраудың ауа райы жылынған. Сіркіреген жаңбыр мен лайсаң ұмыт қалғандай, алайда жеке сектор тұрғындарының көпшілігі әлі күнге дейін шіріген судың иісі мен сыздан зардап шегуде. Қазір Уәлиханов, Қарағанды көшелерінің бойында, Привокзальный маңында орналасқан үй тұрғындарының жағдайлары жайсыз, алайда бұл толық тізім емес. Бұл жерге коммуналдық қызметтер келіп, тіпті суды тартып шығуға тырысты, алайда жұмыстарын селқос, немқұрайлы жасады, - дейді адамдар. Мардымсыз мөлшерде болса да өтемақы туралы үй қожайындары тіпті ойламайды да. Қамыс басқан су көлшіктерін буландыратын шыжыған күн көзіне ғана үміттенеді. Көпшілігі әлі күнге дейін туыстары мен достарының үйлерін жағалап жүр және баспаналарының іргетасы мен қабырғалары мықты болса екен деп сыйынады.

Марат ТАКУЛИН

Бейнежазбаны түсірген автор

29 сәуір 2016, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.