Атырау, 25 сәуір 18:00
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Назарбаев арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің дайындығын тексерді

Сурет
3 080 просмотра

Суреттер ҚР Президентінің ресми сайтынан алындыСуреттер ҚР Президентінің ресми сайтынан алындыСуреттер ҚР Президентінің ресми сайтынан алындыСуреттер ҚР Президентінің ресми сайтынан алындыСуреттер ҚР Президентінің ресми сайтынан алындыСуреттер ҚР Президентінің ресми сайтынан алынды

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Ішкі істер министрлігінің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің Жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының негізгі нысандарын қарап көрді, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің «Қалқан», Ұлттық ұланның «Бүркіт», Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар», Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан», Алматы қаласы Ішкі істер департаменті мен Қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасының «Арлан» арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің күштері мен құралдарын қатыстырған оқу-жаттығу барысын бақылады,- деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.

Жаттығу барысында антитеррорлық бағыттағы іс-шаралар өткізу кезіндегі арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылы пысықталды.

«Қайсар-2016» жаттығуына қатысушыларға сөз арнаған Мемлекет басшысы жаңа Жауынгерлік және әдістемелік даярлық орталығының сарбаздар шеберлігін шыңдауға мүмкіндік бере отырып, оларды сапалы оқытуды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сонымен қатар Жоғарғы Бас қолбасшы барлық әскери қызметшілерді алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтап, Отан игілігі жолындағы жауынгерлік қызметтеріне сәттілік, елімізге тыныштық тіледі.

Кешенді оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев елдің күштік құрылымдарының арнаулы бөлімшелерінің жеке құрамы алдында Ұлттық ұланның 5572-ші әскери бөлімінің және Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының 22750-ші әскери бөлімінің командиріне өз қолымен жауынгерлік ту тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қызметте айрықша көзге түскен бірқатар әскери қызметшілерге жаңа пәтердің кілтін тапсырды.

Дереккөз: Аkorda.kz

29 сәуір 2016, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.