Атырау, 25 сәуір 03:07
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Шетелдiктердi шектей алмайсың", "Жер шетелдіктерге және шетелдік компанияларға ешқашан сатылмайды - Ұлттық экономика вице-министрі", "ДАИШ — исламға төнген қауіп", "Айбек Қалиев: билік басында өз көлеңкесінен қорқатын шенеуініктер көп…", "Жұмағұлов"

2 182 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Шетелдiктердi шектей алмайсың" - Қазақстан билiгi жердi сату мәселесiн бұрын да күн тәртiбiне шығарған болатын. Мәселен 1999 жылдың шiлде айында Үкiмет жердi сатуға мүмкiндiк беретiн заң жобасын дайындап, Пар­ламенттiң төменгi палатасы бiрiншi оқылымда қабылдап жiберген. Сол кезде оны естiген ақын-жазушылар, жалпы, зиялы қауым өре түрегелiп, заң жобасын қабылдатпай тастаған едi.

"Отансүйгiштiктi кiм қалай түсiнедi?" - Езулерi жиылмайтын баяғы таныс түрлер, әр ұлттың көз сүрi­нетiн киiмдерi және мiндеттi түрде президентке мадақ – Қазақстан халқы ассамблеясының жиыны әлдеқашан Нұрсұлтан Назар­баевтың кө­ңiл-күйiн көтеретiн сауық шарасына айналып кеткенге ұқ­сайды. Әдетте­гiдей қазақ халқының бауырмалдығынан бастап, Назарбаевтың көре­ген­дiгiне тәнтi болатын ассамблея өкiлде­рi­нiң қошеметi бұл күндерi президентке ауадай қа­жет секiлдi. Өйтпегенде ше? Қо­лындағы барын бе­ре салатын “қойдан жуас" қазақ соңғы күндерi аяқасты мiнез көрсетуде. Жер сатылмасын да, жалға да берiлмесiн деп талап қойған Атырау жұртының қарсылығы туралы мемлекеттiк ақпарат құралдары ләм-мим демесе де, тәуелсiз басылымдар, әлеуметтiк желi арқылы бү­кiл Қазақстан құлақтанды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевқа өзге ұлт өкiлдерiнiң алдында қазақ хал­қына қарата мәлiмдеме жаса­уына тура келдi.

AZATTYQ.ORG. "АҚШ ИМ содырларымен соғысатын әскерін көбейтіп жатыр" - 2014 жылы маусымда Әбу Бәкір әл-Бағдади Ирактың Мосул мешітінде Ислам «халифатының» құрылғанын жариялаған сәтте құрылымның мемлекетке тән атрибуттары бар еді.

"Батырхан Шүкеновті еске алғанда..." - Қазақстандық танымал әнші Батырхан Шүкеновтің өмірден озғанына сәуірдің 28-і күні бір жыл толды. Оның қазасы Қазақстанда сирек құбылысқа айналған азаматтық ұйымшылдықты оятуға түрткі болды.

QAMSHY.KZ. "Айбек Қалиев: билік басында өз көлеңкесінен қорқатын шенеуініктер көп…" - Тоқсаныншы жылдардың соңы, жаңа ғасырдың басында қазақтың айтыс өнерінде айбынды жас ақындар жарқ етіп көрінді. Солардың алдыңғы легінде торғайлық Айбек Қалиевтің тұрғанын күллі қазақ жақсы біледі. Иә, Тобыл-Торғай топырағы талай таланттарды тудырды. Айтыста Нұржан мен Нұрхан, Қонысбай мен Әсияның өзіндік қолтаңбасы бар десек, дүлдүлдердің дара жолына Айбек те түсті. Қоғамдағы қордаланған мәселелерді алдаспан ұйқастарына сала білетін ақынды күллі Алаш халқы құрметтейді. Өнер додасында қамшы салдырмай келе жатқан топжарғаннан қазіргі айтыс жөніндегі пікірін, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салуын сұрадық.

ABAI.KZ. "Нұрсұлтан Назарбаев: ең сорақы болжамдардың бәрі қазақстанды айналып өтті" - Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сессияға 1500-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінен келген ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестік төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни және қоғамдық бірлестіктердің басшылары, ғалымдар, интеллигенция өкілдері, сондай-ақ шет мемлекеттердің елшілері болды.

DALANEWS.KZ. "Жұмағұлов" - Жұмағұлов неге жұрт көзіне көрінбей кетті? Ол бастаған реформаларды жалғастыруға Білім және ғылым министрлігі неге құлықсыз? Оған қарсы шыққан топ өкілдері кімдер? Төмендегі мақала осы сұрақтарға жауап іздейді.

"Мухамет қажы Садықов: “Кулагин секілділер болмаса, Назарбаев Нобель сыйлығын әлдеқашан алар еді"" - Мухамет қажы Садықовтың сұхбатын оқи отырып, бір әулет тарихынан қазақ халқының бірнеше ғасырлық тар жол, тайғақ кешуін жүрегіңізбен сезесіз, бізді осы күнге жеткізген боздақтар рухының жанайқайы екенін де іштей ұғына түсесіз. Ойын арыдан толғап, кеңірек кесім жасай білетін қажының әр әңгімесінің астарында зілдей ой мен берік тұжырымдар жатқаны шүбәсіз. Қоғамның түрлі саласында белсене қызмет атқарған абзал жанның бір кездері партияға өтуден бас тартқаны, «ұлтшыл» атанып, қапасқа түскені, Рахымжан Қошқарбаевтың ел ұмытпас ерлігін дәлелдеуге атсалысқаны, имандылық жолында табанды еңбек етіп, егемендіктің іргесін бекітуге аянбай еңбек еткені, Косаревтердің кешегі кейпі мен Кулагиндердің бүгінгі іс-әрекеті жөнінде білгіңіз келсе, сұхбатты ыждағатпен оқып шығыңыз.

KORRESPONDENT.KZ. "Ақылы жолдың астары" - «Аттыға еріп жаяудың таңы айрылыпты» деп қазекең осындайда айтса керек. Бұйыртса, Бурабайға қарап бой түзейтін боламыз. Әңгіме ақылы жолдарға қатысты болып отыр.

ULT.KZ. "ДАИШ — исламға төнген қауіп" - ДАИШ бір күнде пайда болған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, ДАИШ-ті ойынға қосу үшін алдын ала жан-жақты дайындық жүргізілген. Өйткені, жоспарлы ұйымдастырылмастан тоқсан елдің террористері бір уақытта Сирия мен Иракта бірігіп, үлкен көлемдегі әскери іс-қимылдарды жүзеге асыруы әсте мүмкін емес.

TENGRINEWS.KZ. "Жер шетелдіктерге және шетелдік компанияларға ешқашан сатылмайды - Ұлттық экономика вице-министрі" - Жер мәселесі - қазіргі уақытта Қазақстанда ең кең талқыланып жатқан тақырып. Әлеуметтік желілерде Жер кодексінің жерді сату мен жалға беруді реттейтін нормаларына қатысты жазбалар мен пікірлер көп. Бүгінде Facebook әлеуметтік желісіндегі пікірталастарды конструктив сипатқа ие деуге келмейді. Бұл көбінде ненорматив лексиканы қолдана отырып, ерегесуге ұқсайтындай. Енді мұның барлығына Ұлттық экономика министрлігі бақылау жүргізеді.

QAZAQUNI.KZ. "Қазақ тілін құртады екен деген алып-қашты әңгімелерге сенбеңіздер – министр" - Білім беру жүйесі – сынға көп ұшырайтын саланың бірі және онда болып жатқан рефор­малар ауыртпалықсыз өткен емес. Осы жылғы наурызда Қазақ­станда «Білім беруді және ғылым­ды дамытудың 2016-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдар­ламасы» бекітілді. Бес күндік оқу аптасының енгізілуі, білім берудің үштілді жүйесіне көшу және оқу жылының ұзартылуы сияқты өзгерістердің бәрі білім беру мазмұнын жаңартуға ба­ғытталған мемлекеттік бағдар­ламада қарастырылған. Тек осының бәрі әлі де болса жер-жерде жете түсіндірілмегендіктен жұртшылық арасында алуан пікір тудырып, ата-аналар тарапынан жаңа министрге петиция жолданып жатқаны да еш жа­сырын-жабық жағдай емес.







29 сәуір 2016, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.