Атырау, 23 сәуір 13:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Елес турфирма мен дөрекі кондукторлар

2 046 просмотра

Көрнекі сурет. "АЖ" мұрағатынанАтырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде көліктік және туристік қызметтер көрсету саласындағы мәселелер сөз болған дөңгелек үстел өтті.

Департаменттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Қайрат НҰРҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, былтыр көліктік қызмет көрсету саласына қатысты үш арыз, ал, туристік салаға қатысты бір арыз түскен.

Жолаушылар көлігіне қатысты тұтынушылар автобустардың жол жүру кестесін сақтамайтынына, автобустарды шамадан тыс толтыруына, жүргізушілердің жылдамдықты асырып, жол бойында жарыс ұйымдастыруларына шағымданған.

Бұдан бөлек, көптен айтылып жүрген, көрініп жүрген мәселе - кондукторлардың этикасы, әсіресе, мүгедектер мен оқушыларға дөрекілік көрсетуі сөз болды.

Туристік операторға қатысты шағымға келсек, мәселе әлі күнге дейін шешімін таба алмай келеді. Туроператор өз міндетін орындамаған әрі ақшаны қайтармаған. Шағым иесі 2012 жылы 175 000 теңге төлеп, үш жылдық сертификат сатып алған. Ал, 2015 жылы осы сертификат бойынша туроператордың қызметін пайдаланбақшы болғанда оған сертификаттың күші жоқ екені айтылады. Ақшаны да қайтармайды. Тұтынушы туроперотардың үстінен сотқа шағымданған кезде туроператордың кеңсесі Атырауда емес, Оралда тіркелген болып шығады. Оралға барған кезде де кеңсе табылмайды, мекенжайдың жалған екені анықталады.

Айнұр САПАРОВА
29 сәуір 2016, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.