Атырау, 25 сәуір 04:03
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қарыз алушы-борышкерлерге арналған жаңа ережелер туралы

2 952 просмотра

1 шілдеден бастап банк қарызы шарты бойынша бережақтарды өтеу кезектілігін анықтайтын жаңа ереже күшіне енеді. Енді қарыз алушылардың ақшасы ең алдымен негізгі борышты өтеуге кетеді.

Бүгінде өмірінде бір мәрте болмасын несие пайдаланбаған адам жоқ шығар. Ақша алған кезде бірінші кезекте банктің өз шығындарын, содан кейін, егер төлем мерзімі өтіп кетсе – айыппұлдар, комиссиялар мен клиенттен алынатын басқа төлемдерді өтейтінін әр адам біледі. Тек соңғы кезекте ғана негізгі борыш өтеледі. Алдымен оның мерзімі өткен бөлігі ұсталады. Егер бәрін бірден төлеу мүмкін болмаса, онда қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығы азаймайды. Тиісінше, оған тағы да өсім қосылады. Нәтижесінде қарыз бойынша бережақ көбейіп кетеді.

1 шілдеден бастап қарыз алушының бережағы келесі кезектілікте өтелетін болады: алдымен негізгі борыш бойынша бережағы, сыйақы бойынша бережағы, тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсім), ағымдағы төлем кезеңіндегі негізгі борыш сомасы, ағымдағы төлем кезеңінде есептелген сыйақы, атқару құжатын алу бойынша кредитордың шығындары. Егер төлемнің өту мерзімі 180 күннен асса, ал клиент бүкіл соманы толықтай төлей алмаса, онда бережақ келесі кезектілікпен өтеледі: негізгі борыш бойынша бережақ, сыйақы бойынша бережағы, ағымдағы төлем кезеңіндегі негізгі борыш сомасы, ағымдағы төлем кезеңінде есептелген сыйақы, тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсім), атқару құжатын алу бойынша кредитордың шығындары.

- Бұл ереже 1 шілдеден бастап күшіне енеді, алайда ол осы датаға дейін рәсімделген несиелерге де қолданылады. Яғни, егер, мәселен, қарыз алушы несиені 2016 жылдың қаңтарында рәсімдесе, ал оның бережағы, айталық, тамызда туындаса, онда оған осы ереже қолданылады, - дейді Ұлттық банк АФ қаржы ұйымдарын бақылау бөлімінің бас маманы Шәрипа МЫРЗАҒАЛИЕВА.

Бұдан басқа, міндеттемені орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемінің мөлшері шектелген.

2011 жылы заң бойынша қарыз сомасынан күніне 0,5 пайыздан аспайтын және жылына 10 пайыздан аспайтын тұрақсыздық төлемі бекітілді. Ш.Мырзағалиеваның айтуынша, іс жүзінде ұзақ мерзімді қарыздары бар қарыз алушыға жеке тұлғалар үшін бекітілген шектеулердің (банктердің дер кезінде шаралар алмайтындығын қосқанда) пәрменсіз екенін көрсетті. Сонымен қатар банкирлер өздерінде төлем тәртібін ұстап тұру үшін алақол қарыз алушыларға тұрақсыздық төлемі секілді әсер ету механизмі қалу керек деп есептейді. Сондықтан банктер мен қарыз алушылар мүдделерінің балансын сақтау мақсатында 90 күнге дейін кешіктірілсе банктің әр күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспайтын тұрақсыздық төлемін есептеуге, ал 90 күннен кейін кешіктірілген әр күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,03 пайызынан аспайтын тұрақсыздық төлемін есептеу құқығы заңда қарастырылған.

Мұнда жыл сайын банктік қарыз шарты әрекет ететін әр жыл үшін берілген қарыз сомасының 10 пайызынан аспайтын жалпы шектеу сақталып қалған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
29 сәуір 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.