Атырау, 25 сәуір 20:35
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Түзелді делік. Әрі қарай?

Сурет
1 957 просмотра

Атырау облыстық прокуратурасында өткен түрме реформаларының шағын форумында бұрынғы және қазіргі сотталушыларды социумға тарту тақырыбы талқыланды.

Жергілікті атқарушы және құқыққорғау органдарының, бизнестің өкілдерінен құралған қатысушылар әлеуметтік бейімдеу шаралары абақты мекемелерінен босап шыққандар арасында қайталау деңгейін төмендетуі тиіс деген пікірге келді. Басқа сөзбен айтқанда, бұл адамдар еңбек нарығында сұранысқа ие болуы және қазіргі заманға сай бейімделуі тиіс.

Алайда үкіметтік емес ұйымдар берген есептен кейін әзірге сөзден іске көшпегендігі түсінікті болды. Басты проблема – бүгінде қоғам осы контингентті өзіне тең дәрежеде қабылдаудан бас тартатындығы. Тиісті заң нормалары мен елбасының тапсырмасы бар болса да, Атырау облысындағы кәсіпкерлердің бірен-сараны ғана бұрын абақтыда жазаланғандарды оқытып, жұмысқа орналастыруға әзір.

Атырау қаласы және Атырау облысы бойынша қоғамдық-бақылау комиссиясының төрағасы Асылтек ЕСБОСЫНОВТЫҢ айтуынша, ол қолданыстағы оңалту құралдарына көмек ретінде әріптестерімен бірге жазаларын өтеген тұлғалардың толық мәліметтері бар кеңейтілген дерекқорын әзірлеген. Оның пікірінше, жергілікті атқарушы органдар бұл бағытта бизнеспен жұмысты анағұрлым мақсатты жүргізуі тиіс.

Проблеманың басқа жағы, сөз алушылардың пікірінше, сотталушыларды жұмыспен қамтудың төмендігі. Атырау облысында 639 адамның тек 200-і өндіріске жұмылдырылған. Өңірдің түзету мекемелері бизнесмендерді құшақтарын жайып күтеді, алайда тегін цехтар мен арзан жұмыс күші бәріне бірдей қызығарлықтай ұсыныс болып көрінбейді. Темір тордың ар жағында шығарылған өнімдерді бәсекеге қабілетті деп атау қиын.

Жалпы, жұмыстар өте көп, ал форумға қатысушыларға бұл проблеманы шешуде елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін әлі де бас қосуға тура келеді. Әзірге бәрі пікірталас деңгейінде қалып отыр.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

28 сәуір 2016, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.