Атырау, 25 сәуір 20:42
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақтауда полиция жер мәселесіне қатысты жиынды таратты

Сурет Бейнежазба
2 104 просмотра

Ақтаудың орталық алаңында бүгін жерді сатуға және шетелдіктерге жалға беруге қарсы өтіп жатқан жиынға полиция кедергі жасап, таратуға тырысты,- деп хабарлады Азаттық.

Орталық алаңға түстен кейін ондаған адам жиналып, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылықтарын білдіре бастаған. Ортаға шығып сөйлегендер жерді сатуға, шетелдіктерге жалға беруге мүлде қарсы екендерін айтып жатқан. Жарты сағатқа жуық уақыттан соң алаңға ондаған полицей келіп, жиналғандарды таратуға тырысты. Жиналғандар біраз қарсылық танытып барып, жан-жаққа шашырап тарала бастағанымен, алаңнан ұзап кете қоймады.

Жиын басталмай тұрып алаңда полицейлер жүрген. Алаң маңында бірнеше полиция көліктері мен автобустар да байқалады.

Полиция әзірге ешкімді ұстай қоймады.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 сәуір 2016, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.