Атырау, 29 наурыз 16:50
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"БАҚ мониторингі қалай жүргізіледі?", "Айдос САРЫМ, саясаттанушы: Жұрт шынайы Тәуелсiздiктiң не екенiн ендi түсiнген сияқты", "Демократиялық жаңару: серпілген ұлттық сана", "Қазақ спортында қалыптасқан теріс дәстүр — легионер"

2 318 просмотра

AZATTYQ.ORG. "БАҚ мониторингі қалай жүргізіледі?" - Астанадағы БАҚ мониторингі орталығы іс жүзінде орталықтандырылған цензура қызметін атқарады деп алаңдайды құқық қорғаушылар. Бірақ мұндай пікірмен келіспейтіндер де бар.

"Киоскілер дағдарысын сұраныстан да, цензурадан да көреді" - Nomad Press газет дүңгіршектерінің ірі желісі «жергілікті басылымдарға сұраныс аз» деген уәжбен қызметін уақытша тоқтатпақ. Компания өкілдері «орталық оқитын газеттерді шеткері аймақтар оқымайды» дейді. Кей редакциялар бұл пікірмен келіспейді.

ZHASALASH.KZ. "Жер сатқаның – қай сасқаның?! (Қоғамдық талқылау)" - Ананы да, мынаны да сатып, әбден дәнiккен қазақ билiгi ендi Жер-ананы саудаға салам деп халықтың қытығына тиiп алды. Атыраудағы дүмпудiң әсерi аймақ басшыларын былай қойғанда, Астанадағы дөкейлердiң де есiн алғандай. Әйтпесе, президенттiң ақталып, шендiлердi сөгуi, Махамбет пен Исатай ескерткiшiнiң маңындағы жиыннан соң көп ұзамай бас прокурордың орнынан кетуi тегiн дейсiз бе?!

"Айдос САРЫМ, саясаттанушы: Жұрт шынайы Тәуелсiздiктiң не екенiн ендi түсiнген сияқты" - “Жер сатқаның – қай сасқаның?!" тақырыбымен өткен қоғамдық талқылауға шетелде болуына байланысты қатыса алмаған Айдос Сарымға да бiрқатар сауал жолдаған едiк. Белгiлi саясаттанушының тың пiкiрлерi мен тосын топшылау­лары оқырманды бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз.

ABAI.KZ. "PISA-тың аузына Cағадиев сөз сап беріп отыр ма?" - 2016 жылдың ақпанында Дүниежүзілік банк пен PISA-тың (Programme for International Student Assessment, PISA) бірлесе отырып жүргізген зерттеуінің қорытындысы жарияланды. Аталған ұйымның есебі дүниежүзі елдерінің сауаттылығын көрсетеді екен. Бұл ұйым өз зерттеуінде әлемнің әр түрлі мемлекеттерінде орта мектептерде оқитын 15 жасқа дейінгі оқушылардың білім деңгейінің коэфиценттерін шығарған.

"Демократиялық жаңару: серпілген ұлттық сана" - Экономикада әйгілі ғалым Адам Смит енгізген «рыноктың көрінбейтін қолы» деген ұғым бар. Дәлірегі, рыноктық экономикада. Бұл саясатқа да жат емес секілді. Ендеше, мұны «көрінбейтін саяси қол» деп атай қояйын (бірден басын ашып алайын, «көрінбейтін саяси қолдың» бәрі жаман емес).

QAMSHY.KZ. "Дос Көшім: дүбәрә күйде қалғандар «қазақ ұлтшылы» бола алмайды" - ...Соңғы тиындарын санап, қар көшкіні сияқты тоқтаусыз өсіп келе жатқан бағаларға үрке қарап отырған Қазақ елінің көзі ашық азаматтарына Олжас ағамыз тағы бір «зілзаланы» («...большая мина заложена под Казахстаном, и часы тикают» О. Сүлейменовтің «Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының» жиынында сөйлеген сөзінен) көрсетіп, ұйқыларын қашырды. Саясаттағы әрқашан азшылықтың қамқоршысы және қорғаушысы болып көріну тәсілін ұстанған Президентіміз халықтың алдында мемлекеттік шенеуініктерге саусағымен сес көрсете отырып, «орысша берілген өтініштерге орыс тілінде жауап беруді» талап етті.

"Қазақ тілі мен әдебиеті бір пән ретінде оқытылуы мүмкін" - Білім саласында тағы бір бастама! Қазақ тілі мен әдебиеті бір пән ретінде оқытылуы мүмкін. Осындай ұсыныс айтқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Білім және ғылым министріне пәндер санын қысқартуды тапсырды. Сондай-ақ президент "үш тілді оқытудың" қазір ауадай қажет екенін де айтты,-деп xабарлайды Qamshy.kz

ULT.KZ. "«Колбин мырза, қазақ ұлтшыл емес, интернационал халық»" - Кеше ғана әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінде, «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы мен «Инабат» рухани-мәдени Орталығы бірлесе отырып ұйымдастарған үлкен дөңгелек үстел өтті. Шараның басты мақсаты ҚР-ның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденұлының «Ағалардың алақаны» атты кітабы бойынша талдау болды.

KORRESPONDENT.KZ. "Қазақтың жатырында қытай жатыр" - Ақиқат, әрине, ащы болады. Біздің бұл сөзіміз базбір көркөкіректер мен жалғаннамыстылардың шымбайына бататынын білеміз. Азаматтық некені әсірелеп, батыстың адам ақылына сыйыспайтын дәстүрлерін дәріптеп жүретіндерге жақпай қалатынымыз да рас. Бірақ, ұнамай қалады деп бүгежектей беруге тағы болмайды. Әр нәрсенің шегі мен шеті, жөні мен жосығы болады.

"Парақорлық, «көкесі» жоқтық қажытар кәсіп иесін..." - Соңғы бірнеше жылда шағын және орта бизнестің жетістіктері туралы мыңдаған мақалалар жазылған болар. «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Индустриялық карта» сияқты арнайы бағдарламалар да жеткілікті. Тек сол бағдарлама шынымен бизнеске ебі бар, несиеге мұқтаж, іскер адамға жетіп жатыр ма?

DALANEWS.KZ. "Жерді құртқан “жабайы мафия"" - Қазақ халқын жалқау, қолынан іс келмейтін бойкүйез деп жатады. Оған толық келіспеймін. Жұрттың көбін қалаға көшуге мәжбүрлеген үкіметтің жасаған қате саясаты. Бәлен гектар алқапты 49 жылға деп жалға алып алған бай-манаптар ол жерді не өздері пайдаланбайды, не өзгенің пайдасына бермейді. 5-10 тұяқ малын жақсылап бағып, санын да, сапасын да өсіріп алған соң, оны бағатын жер тарылады, сатып жіберіп, қалаға қарай ауады.

TURKYSTAN.KZ. "Қазақ спортында қалыптасқан теріс дәстүр — легионер" - Спортқа сырттан келіп қосылған спортшылар, яғни, ррлер ешқашан назардан тыс қалған емес. Қазіргі спорт саласында кең етек жайып тұрған «легионер шақырту» құбылысын елімізде тоқтатуды сұрағандар да табылған. Бірақ халықаралық додаларда Қазақстанның атынан сынға түсетін шетелдік спортшылар әлі күнге дейін азайған жоқ. Талай әңгімеге арқау болған легионерлер мәселесі таяуда Парламент Мәжілісінде сөз болды.

"Қазақты ұйытатын – ұлттық сана-сезім" - ХХІ ғасыр босағасын аттаған тұста Қазақстан елі өз тәуелсіздігін нығайту жолында шұғыл өзгерістерді бастан кешуде. Тарихи себептер салдарынан туған топырағынан көз жазып, әлемнің әр еліне бытырап кеткен бауырларымыз бен олардың ұрпақтары, егемен ел болып, көк байрағы желбіреген өз Отанына, қазақ жұртына орала бастады. 1990 жылдары бастау алған ұлы көш туған елдің топырағына, атажұртына деген сарғайған сағынышын арқалап, «елім», «қазағым» деп ағылуда.


28 сәуір 2016, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.