Атырау, 23 сәуір 22:36
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Спорт жаңалықтары

Сурет
1 942 просмотра

Кір тасы

Орталық жүзу бассейнінің тренажер залында танымал кір тасын көтеруші, ардагерлер арасында әлем рекордсмені және бірнеше дүркін чемпионы атанған Евгений Ухов (суретте) жаңа жеке рекордын жасады.

Ол екі сағат ішінде 16 келілік кір тасын бір қолымен (кезекпен оң және сол қолымен) 2 060 рет көтерді. Нәтижесінде Ухов 32 тонна 960 келі көтерді. Рекорд ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Игорь Миргамбаевтың қатысуымен белгіленді.

Евгений Михайлович №21 мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Биылғы жылы ол 62 жасқа толады. Кір тасын көтеру спортымен айналысқанына 20 жылдан асты. Бірнеше рет ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды. 2015 жылдың 20 желтоқсанында ол 1 сағат 50 минутта пұттық кір тасын 1 900 рет көтерді.

Карате

«Қайсар» СК тәрбиеленушілері WKF-каратеден «Astana Open» («шобу кумите» ережесі бойынша) халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Турнирге 8 жастан бастап Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден келген 400-ге жуық спортшы қатысты. Біздің облыстың құрамасы «Қайсар» спорт клубы мен 2-ші жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің спортшыларынан құралды, барлығы - 19 спортшы. Бұл дода құрамдағы балалардың басым бөлігі үшін алғашқы жарыс болды.

Турнир бағдарламасы екі дәстүрлі бөлімнен тұрды: ката (техниканы меңгеруді көрсету) және кумите (жекпе-жек). Жарыс қорытындысы бойынша «Қайсар» СК тәрбиеленушілері тоғыз қанжығаларына медаль байлады, олардың 3-і алтын, 2-і күміс, 4-і қола. Кумит бағдарламасы бойынша бірінші орынды Әсел Серікова, Айнұр Боқашева, Батырғали Әбілмансұр, екінші орынды Мұхан Санжар және Қаламғали Сәдуақасов жеңіп алды, ал, Валерия Квон, Кенжебай Нұрбек, Жаңбыр Бейбарыс қола жүлдегер атанды. Ката бағдарламасы бойынша «қоланы» Диана Айтжанова иеленді.

- Тек жүлдегерлер туралы айту әділетті болмас. Балалардың барлығы да тырысып бақты. Олардың әрқайсысы татамидегі айқасқа барлық күштері мен көңіл-күйлерін салды. Нәтиже де жақсы болуы тиіс еді. Дегенмен, біреулерінің бағы жанды, енді біреулеріне тәжірибе жетіспеді, - дейді «Қайсар» СК өкілі Ерлан Қабдуалиев. – Бұл турнирден есімізде медальдар мен мақтау қағаздар ғана қалмайды деп ойлаймын. Біздің спортшылар мен олардың ата-аналары өздерін нағыз команда ретінде көрсете білді. Олар команданың әрбір мүшесі үшін уайымдады, жанкүйер ретінде спортшыларымызға қолдау танытып, жігерлендіріп отырды. Қысқасы, турнир дәстүрлі және спорттық каратені құрметтеушілер үшін болашақта да табысты болатынына сенім ұялатты.

Таэквондо

Мәскеуде «Олимпиадалық аю» жүлдесі үшін таеквондодан алғашқы халықаралық турнир өтті.

Сайысқа бұрынғы Одақ елдерінен мыңдаған спортшы қатысты. Атырау намысын 5 спортшыдан тұратын жасөспірімдердің (1999-2001 ж.т.) құрамасы қорғады. Олардың екеуі қола медальға ие болды - 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрсұлтан Аманжан, 68 келіге дейінгі салмақта - Майра Сүйінбекова. Спортшылар Атырау қаласындағы олимпиадалық резервтерді дайындау орталығында тәлімгерлер Азамат Нұржанов пен Ерлан Алагөзовте жаттығады.

Армрестлинг

Өскеменде жастар мен жасөспірімдер, шеберлер мен мүгедектер арасында армрестлингтен ел чемпионаты өтті. Жарыста Азия чемпионатына қатысу үшін еліміз құрамасына іріктеу жүргізілді.

Мүмкіндігі шектеулі атыраулық спортшылар бұл додада өздерін көрсете білді. 74 келіге дейінгі салмақта Қалыбай Тұрдалиев өз салмақ дәрежесінде екінші болды, 90 келіге дейінгі салмақта «қоланы» Қажымұқан Нұрмағамбетов жеңіп алды. Ал, Әділхан Хамзин 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынды иеленді. Олардың үшеуі де Азия чемпионатына қатысу құқығына ие болды. Спортшыларды Ілияс Телеуғалиев жаттықтырады («Облыс мүгедектерінің спорттық клубы» КМК).

Image 1Күрес

Көкшетауда Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 145 жыл толуына және ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық турнир өтті.

Атыраулық спортшылар ішінен 35 келіге дейінгі салмақ бойынша Талап Жолдасов, 42 келіге дейінгі салмақта Бекарыс Төлегенов күміс жүлдегер атанды. «Қоланы» Димаш Жақсылық (27 келіге дейін), Руфат Асланұлы (30 келіге дейінгі), Сулейман Газалиев (35 келіге дейін), Назарбек Әнуарбек (38 келіге дейін) жеңіп алды. Балаларды А.Лекеров жаттықтырады.

Армрестлинг

Өскеменде жастар мен жасөспірімдер, шеберлер мен мүгедектер арасында армрестлингтен ел чемпионаты өтті. Жарыста Азия чемпионатына қатысу үшін еліміз құрамасына іріктеу жүргізілді.

Мүмкіндігі шектеулі атыраулық спортшылар бұл додада өздерін көрсете білді. 74 келіге дейінгі салмақта Қалыбай Тұрдалиев өз салмақ дәрежесінде екінші болды, 90 келіге дейінгі салмақта «қоланы» Қажымұқан Нұрмағамбетов жеңіп алды. Ал, Әділхан Хамзин 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынды иеленді. Олардың үшеуі де Азия чемпионатына қатысу құқығына ие болды. Спортшыларды Ілияс Телеуғалиев жаттықтырады («Облыс мүгедектерінің спорттық клубы» КМК).

Джиу-джитсу

БАӘ Абу-Даби қаласында кәсіби спортшылар арасында бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті.

94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальды атыраулық палуан Тыныс БИСАЛИЕВ (суретте) жеңіп алды. Ол үш жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде ұпаймен басым түсіп, жеңіске жетті. 37 жастағы Т.Бисалиев көптеген титулдың иегері - әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия чемпионы, панкратион бойынша ҚР кубогінің иегері және екі дүркін чемпионы болып табылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН




28 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.