Атырау, 25 сәуір 15:56
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жол зардабы

2 166 просмотра

Ленин атындағы №1 мектепке апаратын кірме жолдар мен жаяу жүргіншілер жолы қашан салынады? Балалар сабаққа бару үшін балшықтың бетіне төселген тақталардың үстімен жүреді. Сегіз жыл бұрын осы мәселені қалалық билік алдына қойған едік, әлі жауап ала алмадық.

Ленин атындағы №1 мектептің 9 сынып оқушыларының ата-аналары

Бірлік поселкесіндегі Батыс Қазақстан көшесі қашан асфальтталады?

Серік, Бірлік поселкесінің тұрғыны

– Біз Балықшы поселкесінің Наурыз өткелінде (бұрынғы Жантай көшесі) тұрамыз. Көше қысқа – барлығы 10 үй бар. Біздің көшенің бойымен көлік қана емес, адамдар да жаяу жүре алмайды – әр жер балшық. Тек жазда ғана құрғайды. Көрші көшелер асфальтталған, тек біздің көше қалып тұр. 2016 жылы Наурыз өткелі асфальттала ма?

Жұман

Сұрақтарға қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап берді:

– Ленин атындағы №1 мектеп оқушылары ата-аналарының, Бірлік поселкесіндегі Батыс Қазақстан көшесі тұрғындарының және Балықшы поселкесіндегі Наурыз өткелі тұрғындарының өтініштері ағымдағы жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарына енгізу тұрғысында қаржы бөлінген жағдайда ескерілетін болады.

28 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.