Атырау, 25 сәуір 20:54
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ағыспен арпалысқан ару

Сурет
2 016 просмотра

Суретті ТЖД ұсындыСуретті ТЖД ұсынды

26 сәуірде сағат 17.15-те ТЖД-ге Курилкино саяжай поселкесінің маңындағы Жайықта әйел адамның жүзіп жүргендігі туралы хабарлама келіп түскен. Сол жерге үш құтқарушысы бар моторлы қайық жіберілді.

Құтқарушылар жеткен кезде, әйел өзен ортасындағы аралда үсті-басы су күйде отырған. Мас болғандықтан оған сөйлеу оңай болмады. Алайда жасы 33-те екендігі, Авангардтағы 2-ші ықшамауданда тұратындығы, Жайықтан жүзіп өтем деп 50 саптыаяқ сыраға бәстескені анықталды. Айта кету керек, көктемгі су тасқыны қызған шақта, күшті ағыс пен су деңгейі көтерілген кезде ол басын қатерге тіккен еді.

Жанкешті жүзгіш келген полиция жасағына табыс етілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
27 сәуір 2016, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.