Атырау, 20 сәуір 19:19
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Жерді жалға беру. Әлемдік тәжірибе не дейді?", "Дариға Назарбаеваның пәлсапасы", "AzattyqLIVE: Жер дауының шешімі қандай?", "Ресей Жириновскийдің кей сөзін шынға айналдыра бастады", "Елінен безген билеушілер"

3 166 просмотра

AZATTYQ.ORG. "AzattyqLIVE: Жер дауының шешімі қандай?" - AzattyqLIVE хабарында экс-вице-министр Марат Толыбаев пен белсенді Мақсат Ілиясұлы жерді жеке меншікке сату және шетелдіктерге жалға беруге қатысты мәселені талқылады.

"Ресей Жириновскийдің кей сөзін шынға айналдыра бастады" - Ресейлік 70 жастағы әсіреұлтшыл саясаткер Владимир Жириновский 30 шақты жылдан бері ақылға қонымсыз ұсыныстар айтып келеді. Бірақ қазір оның сөздерін орындалмайтын қиял деуге бола ма?

ZHASALASH.KZ. "Қазаққа тағы да тәжірибе жасауға кірісті" - Қазақстан билігінің қазақтың ұлт­тық санасын түбегейлі өзгерту, яғни ұлтсыздандыру бойынша жүргізіп келе жатқан ең қуатты тәжірибесінің бірі – Қазақстанның көпұлтты екенін дәлелдеу, яғни елдің иесі – қазақ деген ұғымды жою. Бұл тәжірибеге «Қазақстан халықтарының бірлігі, дос­тығы» негізге алынады. Тіпті, олардың бәрі бір отбасының, бір ата-ананың балаларындай деген ерсі тұжырымдар ұрандата айтылады. Бірақ олардың ортақ, яғни ресми тілі – орыс тілі. Қайталап айтар болсақ, Қазақстандағы қазақ ұлты 68 пайыздан асып кетті. Бұған қазақпен еркін сөйлесіп, еркін түсінісе алатын, осында тұратын өз­бек, татар, қырғыз, әзірбайжан, ұйғыр секілді түркітілді, яғни, тілі бір, діні бір халықтарды қосыңыз. Ендеше, олар­дың бәрі Қазақстанда неліктен ресми тіл деген мәртебе берілген орыс тілінде сөйлеуі керек?

"Дариға Назарбаеваның пәлсапасы" - Астанадағы сенбiлiкке келiп, ағаш еккен президент Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдiң орынбасары, үлкен қызы Дариға ұйымдастыратын кезектi Еуразиялық медиафорумына келмедi. Сәуiрдiң 20-22-сi аралығында өткен бұл жиында бастапқыда “президент сөз сөйлейдi" деп жоспарланған болатын. Бiрақ президент бұл күндерi Шымкетте жүрдi. Ал сәуiрдiң 23-iндегi қалалық сенбiлiкте қолына күрек ұстаған Н.Назарбаев жарты әлемдi аралап шыққанын әңгiме еттi.

QAMSHY.KZ. "Aлаңдағы жұрттың айтқаны ақордаға жетті" - Жер тағдырына алаң болған атыраулық ағайынның, Астана, Алматы, Орал қалаларында өткен наразылық шараларындағы елдің талабы Елбасының құлағына жетті. «Ана тіліміз қағажу көреді. Жас ұрпақ мәңгүрттенуі мүмкін» деп көпшілік дабыл қаққан «үш тілді оқыту» жүйесіне, жалпы білім реформасына қатысты да президент пікірін білдірді.

"Қазақстандық адвокат әлеуметтік желілерді шектеуді ұсынды" - Адвокат Жангелді Сүлейменов елде тұрақтылықты сақтау мақсатында әлеуметтік желілерді жабуды ұсынды. Оның айтуынша, әлеуметтік желілердің жұмысын реттейтін заң қабылданғанша ондай желілердің қызметіне уақытша тосқауыл қойылу керек.

ABAI.KZ. "Жерді жалға беру. Әлемдік тәжірибе не дейді?" - Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары Ж.Қасымбек әкесінің қолдауымен несие ақшаны (яғни халықтың есебінен алынған) әрқайсысының құны 1,5 млн-дай АҚШ доллары тұратын қажеті шамалы жол жөндеу бекетін салуға орынсыз шашып отырса, ауыл шаруашылығы министрі жерді сатып ақша таппақ. Бұған жол беруге болмайды. Жерді сату ананы сатумен тең. Жерді сатпай-ақ халқымызды асырауға, ауыл шаруашылығын көтеруге болады. Ол үшін саланың тағдырын елін сүйген, тәжірибелі, білімдар ерлер шешіп, басқаруы тиіс.

"Ашық хатқа қол қойғандардың айтары бар" - Тәуелсіздіктің 25-жылында Білім және ғылым министрлігіне 14 - министр тағайындылып, ол қарапайым орта мектептерге эксперимент жүргізуге кірісіп кетті. Мектепдерде тек қана 3 пәнді (қазақ тілі, әдебиеті мен тарихын) қазақ тілінде, қалған пәндерді ағылшын және орыс тілдерінде оқыту жүйесіне көшіруге ұсыныс жасады. Әсіресе орта мектептерде жаратылыстану ғылымдарын тек «ағылшын тілінде» оқыту керектігін екпін түсіре айтты.

ULT.KZ. "Бақытбек Смағұл Сағадиевке депутаттық сауал жолдады" - Мәжілісте Палата Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Бақытбек Смағұл Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке депутаттық сауал жолдады.

KORRESPONDENT.KZ. "Елінен безген билеушілер" - Мемлекет басшысы – сол елдіңөркендеуі мен онда тұрып жатқан халықтың әл-ауқатына тікелей жауапты тұлға. Ол билікте тұрған кезде үш нәрсе жасауға міндетті – өз жерінің шекарасын берік қылуы, өз елінің шаңырағын биік етуі (яғни елдің мәртебесін асқақтатуы) және өзі басқарып отырған елде қайыршының болмауын қадағалауы тиіс. Егер, ел тізгінін ұстап отырған мейлі ол хан болсын, сұлтан болсын, патша болсын не президент болсын халқы үшін осы үш жағдайды жасап бермесе оны қараша қанталапай етеді.

"20 жылда танымастай өзгерген Сингапур" - 31 жыл бойы Сингапурдың премьер-министрі болған Ли Куан Ю 91 жасқа келіп, өмірден озғанда көзіне жас алмаған адам болмапты. Бұл халықтың Ли мырзаны қадірлеп, құрметтейтіндей жөні бар. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі болған Сингапурды 20 жылда дамудың шыңына шығарған, дамыған елдер көшіне кіргізген осы кісі еді. Біздің билік өзіне үлгі тұтатын Сингапур осы биікті қалай бағындырды?

DALANEWS.KZ. "Сырттағы жаудан іштегі дау жаман!" - Шілденің бірінен бастап жер сату басталатынын естіп таң қалып отырмын!.. Әсіресе, «шетелдіктерге жалға беріледі» деген сөз желдей есіп, қазақ даласын кезіп кетті… Жетпіс күннен кейін байтақ-дала, тау-тас, өзен-көліміз саудаға түседі, дегенді ойлағанда жаным түршігіп, миым шыңылдайды! Жаратушы көз жасымызға бола, мейірі түсіп бұйыртқан, бабаларымыз барымен, жанымен қорғаған осынау сайын даланы біздер енді сатпақпыз.













27 сәуір 2016, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.