Атырау, 20 сәуір 01:02
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қырым соты да меджлис қызметіне тыйым салды

2 202 просмотра

Фото: «Коммерсантъ»Ресей аннексиялаған Қырым жоғарғы соты Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы - меджлисті экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салды. 26 сәуірде шыққан шешім түбекті аннексиялауға қарсы шыққан татарлар қауымына жасалған кезекті шабуыл саналады,- деп хабарладыАзаттық.

Өткен аптада Ресей әділет министрлігі меджлисті экстремистік ұйымдар тізіміне қосқан. Соттың жаңа шешімі жергілікті билікке меджлис басатын газет редакциясын жауып, мүлкі мен басқа да заттарын тәркілеуге мүмкіндік береді. Қырымның 2,5 миллион халқының 15 пайызын құрайтын мыңдаған татар Қырым аннексияланған 2014 жылы кетіп қалған.

ТАСС агенттігінің Қырым прокуроры Наталья Поклонскаяға сілтеме жасап хабарлауынша, бұдан былай меджлистің кез-келген қызметі заңсыз саналады. Меджлис басшысы Рефат Чубаров Киевте журналистерге орган мен онымен байланысты институттар мен ұйымдар қызметі толықтай Киевке ауыстырылатынын хабарлады.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 сәуір 2016, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.