Атырау, 25 сәуір 15:39
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Өзімдікі болмаса да маңызды әрі қажет. Жер туралы...

2 229 просмотра

Жерімізді сатуға қарсылық білдіріп, митингке шыққандардың наразылығына жауап ретінде көптеген құрметті френдтер оларға «қауіптенулеріңіз негізсіз, сабыр сақтаңыздар, жерді сатпайды, бар болғаны 25 жылға жалға береді» деп жазуда. Бұған көз жеткізбек болып қазір ғана Жер кодексін оқып шықтым.

Содан соң: жерден айырылып қалу қаупі БАР деген тұжырымға келдім. Сонымен, ретімен айтайын:

1) шетелдiктер жер құқығы қатынастарында ҚР азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады (6-баптың 6-тармағы);

2) 12-баптың 43-тармағында шетелдік қатысушысы бар кәсіпорындар ұлттық (!) жер пайдаланушылар болып табылады делінген;

3) 20-бапта жер телімдеріне жеке меншiк құқығының субъектiсi – азаматтар болып табылады деп түсіндіреді. Бұл ретте, азаматтар деп ҚР азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады;

4) Іс жүзінде шетелдіктер жерді 25 жыл мерзімге тек жалға ғана алады. БІРАҚ, бұл шектеу жарғылық капиталындағы шетелдік қатысушының үлесі 50 пайыздан асқан жағдайда қолданылады (24-бап, 1-тармақ, 3-тармақша, 01.07.2016 ж. бастап енгізіледі). Яғни, басқа жағдайларда – шетелдік азаматтар теориялық тұрғыда

жер телімдерінің жеке меншiк иелері болуы мүмкiн (23-бап, 4-тармақ);

5) Мұнда кез келген ауылдық әкім жерді сата алады немесе жалға бере алады (48-баптың 4-тармағы). 01.07.2016 жылдан бастап қолданысқа енетін осы баптың 1-тармағы қазақстандық жерді сауда-саттық пен бәссаудалар арқылы шетелдік мемлекеттердің сатып алу құқығына салынған тыйымды жояды;

6) 26-баптың 5-тармағы бойынша мемлекеттiк меншiктегi жер телімдері жеке меншiкте бола алатын жағдайда, оларды азаматтардың (ал 20-бап бойынша бұлар шетелдік азаматтар да кіреді) меншiгiне беруден бас тартуға жол берiлмейдi (біз үшін белгілі бір қауіп төндіріп тұр);

7) 37-баптың 4-тармағына сәйкес, мемлекеттiк меншiктегi жер телімін сату кезiнде осы жер телімін жалға алушының оны сатып алуға басым құқығы болады (бұл да қауіпті);

8) жалға алушылар меншiк иесiнiң КЕЛIСIМIНСIЗ, жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруға да құқылы (37-бап, 3-тармақ, 01.07.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі). Шетелдіктер үшін ерекшеліктер жоқ;

9) 49-бап төлеу мерзiмiн ұзартып сатуға мүмкіндік береді. Мұнда егер сатып алушы жер телімі үшін қатарынан екі жыл бойы төлем жасамаса, алайда жер телімінің сатып алу бағасының жартысынан көбін төлесе, жерді қайтаруға болмайды. Осы жер телімдерін сатып алушы кепілге бере алады (49-баптың 4-тармағы, 01.07.2016 жылдан бастап енгізіледі), мұнда да шетелдік азаматтар үшін ерекшеліктер жоқ.

Егер қателессем (бұған тек риза болар едім), маған заңгерлер түзету жасасын.

P.S.: Жалпы, бұл Кодекс, біздің бүкіл заңдарымыз секілді, өте бұлыңғыр, шұбалаңқы және қарама-қайшы шығарылған.

ҚР Жер кодексі тақырыбы бойынша ғаламтордан алынған комментарий

26 сәуір 2016, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.