Атырау, 28 наурыз 22:42
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бітеге қарсы күрес жұмыстары қолға алынды

2 635 просмотра

Көп жыл қатарынан Атыраудағы жасыл желектерді бүлдіріп келген бітелерден (тля) тазарту үшін биыл 40 млн теңге бөлінді.

Жыл сайын бітелер жас жапырақтарға қоныстанып, кеміріп жейді. Ағаштардың көлеңкесіне қойылатын көліктерге де осындай біте үлдірлері қаптап кетеді. Мамандар қалада өсіп шыққан жасыл желектерді зиянкестерден улауды ертерек бастауға кеңес береді. Алайда жыл сайын көгалдандыру және жасыл желектерге күтім жасау тендерін өткізу кезінде бітелермен күресуге қаржылар салынбайды. Әрине, ешкімнің өзіне зиян келтіріп жұмыс істемейтіні белгілі.

Биыл бітелермен күресу үшін бюджеттен қаржы бөлінген-бөлінбегенін білу үшін біз қалалық әкімдікке сұраныс жіберген едік. Қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИННІҢ қолы қойылған жауапта биыл ағаштардың жағдайын жақсарту және олардың зиянды және басқа организмдерге (соның ішінде бітелерге) төзімділігін арттыру үшін қалалық бюджеттен 40 млн теңге бөлінгендігі хабарланған.

Қазір тендер әзірленуде, жеңімпаз сәуірдің аяғында жария етілетін болады. Негізгі әдіс – жас көшеттерді ұзақ қорғау әсерін қамтамасыз ететін және қоршаған орта үшін қауіпсіз инсектицидті препараттармен улау. Препараттар Қазақстан Республикасындағы «Рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне» сай келеді. Улау жұмыстары түнде немесе таңертең ертемен жүргізілетін болады. Жұмыстарды орындау үш кезеңге бөлінген: мамыр-маусым, шілде-тамыз, қыркүйек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 сәуір 2016, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.