Атырау, 20 сәуір 08:54
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Обама Сирияға қосымша 250 әскери жібермек

2 083 просмотра

Фото: AFPАҚШ президенті Барак Обама Сирияға "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатқан жергілікті күштерге көмектесу үшін 250-ге тарта әскери қызметкер жібермек,- деп хабарлады Азаттық.

АҚШ билігі өкілдерінің сөзінше, Обама бұл туралы бүгін Германияда жасайтын мәлімдемесінде жарияламақ. Бүгін Германияда Обаманың шетелге жасаған бір апталық сапары аяқталады.

АҚШ президентінің Сауд Арабиясы, Ұлыбритания мен Германия басшыларымен келіссөзіндегі негізгі тақырып ИМ-мен күрес болған. Сирияда қазірдің өзінде АҚШ арнайы мақсаттағы 50 әскери қызметкері бар. Сирияға жіберілетін әскерилер арасында қанша арнайы мақсаттағы әскери қызметкер болатыны әзірге белгісіз. Барак Обаманың Сирияға қосымша әскери қызметкер жіберетінін кеше америкалық Wall Street Journal басылымы да хабарлаған.

ИМ Иракта Мосул қаласы мен Сирияда Ракка қаласын бақылауда ұстап тұр. 2015 жылы қарашада Парижде, биыл наурызда Брюссельде болған терактілерге жауапкершілікті мойнына алған ИМ шетелдерде қауіп төндіріп тұр.

Дереккөз: Аzattyq.org

25 сәуір 2016, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.