Атырау, 20 сәуір 10:13
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Әкімдікті “лақтырып” кеткен қай Жәкең?

2 927 просмотра

8 желтоқсанда қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ (суретте) 2011-2012 жылғы жылыту маусымының алғашқы екі айының қорытындылары туралы баяндау үшін журналистермен кездесті.

Вице-мэр соңғы сәтке дейін қаланың қысқа дайын болмағандығын мойындады. Атырауда 124 үйдің тұрғындары пайдалану шығындарын төлегілері келмейтіндіктен ПИК құрудан қашқақтайды екен.

– Климаттары анағұрлым қатал қалаларда тұрғындар қыс мінезімен қалжыңдаса алмайды. Ақтөбе мен Петропавлдағы әріптестеріме шаруашылық балансында жоқ үйлердің проблемалары туралы айтқанымда, олар таң қалды, - деді Ә. Нұрлығожиев. - Атырауда мұндай үйлер көбейіп барады. Сол кезде мен қалалық әкімдік жанынан құрылған апат бригадасына тұрбаларды жөндеуге тыйым салдым. Дегенмен, бұл үй тұрғындары облыстық әкім-дікке қоңырау шалыпты. Мен басшылыққа араласпауды өтіндім. Ақыр аяғында баланста жоқ үйлер ақша жинап, жөндеу жасауға мәжбүр болды. Ойлап қарасаңыз, жөндеу ақшасы бір тойдың бәсіндей ғана. Қазір тойға әр мейман орташа алғанда 5 мың теңгеден шашу апарады ғой.

Проблемалы үйлер арасында Құнанбаев көшесіндегі №3, 17, 20, 84 үйлер, Қызыләскер көшесіндегі №25, Азаттық даңғылындағы №119, 136 үйлер аталды. Қазір тұрғындар коммуникацияны өз күштерімен жөндеп алған.

Мәжіліс барысында әкім орынбасарының стационарлық және ұялы телефондары қоңыраулатудан талмады. Арасында Нұрлығожиев біреулерге дәнекерлеуді, қысымды көбейтуді, тағы сол сияқты тапсырмаларды беріп жатты. Журналистердің көзінше мәжіліс соңына қарай мынадай диалог орын алды:   

– Сәлеметсіз бе, Жәке!

– Сізге жылу беру кезінде жөндеуге көмек керек болған кезде біз қол ұшын бердік, ал енді сіз бізді лақтырып кетіп отырсыз...

Солай деді де, Нұрлығожиев ұялы телефонын лақтырып жіберді. Содан кейін әлгінің үні өшті. Қатысып отырған журналистер, шамасы, Әділбек Нұрлығожиевтің көңіл-күйін бұзған қай Жәке (монополистердің бірі) екенін бірден түсіне қойған секілді.

Өз-өзіне келгеннен кейін әкім орынбасары ештеңеге қарамастан қаланың қатты суыққа дайын екенін мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 желтоқсан 2011, 23:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.