Атырау, 20 сәуір 17:06
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстан Қырғызстанға 5 БТР, 30 миномет және 20 әскери көлікті тегін беруде

3 170 просмотра

АСТАНА, 9 жел – Қазақстан жаңалықтары АА. Жұмада Қазақстан тарапынан Қырғызстанға  5 БТР, 30 миномет және 20 әскери көлікті ақысыз берудің салтанатты рәсімі өтеді, деп хабарлайды қырғыз БАҚ-тары қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Қазақстанмен Қырғызстанның Қарулы күштеріне ақысыз негізде әскери-техникалық мүлікті берудің ресми процедурасы Қой Таш маңында орналастырылған  73809 әскери бөлімнің қорында өтеді.

Қорғаныс министрлігінің хабарламасында үкіметаралық келісімге сәйкес, қазақстандық тарап жалпы сомасы шамамен 3 миллион доллар құрайтын ГАЗ-66 - 9 бірлік, ЗИЛ-131 - 11 бірлік, БТР-80 қару жарағымен - 5 бірлік және  30 бірлік - ПМ-120 минометін беруде, деп көрсетілген.

Барлық әскери-техникалық мүлік кейіннен қорғаныс ведомствосының бөлімшелері мен құрамалары арасында бөлінеді.

Үкіметаралық келісімге тараптар 2011 жылдың 17 наурызында Астана қаласында қол қойған. Қазақстан келісімді 16 қарашада ратификациялады.

Қазақстан жаңалықтары АА.

9 желтоқсан 2011, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.