Атырау, 20 сәуір 21:26
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

Сурет
2 989 просмотра

Бокс

Шымкентте 2000-01 ж.т. қыздар арасында бокстан ел чемпионаты өтті.

Облыс құрамасының қоржынында үш медаль бар. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Динара Зинуллина 4 жекпе-жек өткізіп, «күміс» медальды жеңіп алды. Ол өзінің үздік техникасымен еліміздің құрама командасын жаттықтырушы бапкерлер назарына ілігіп, құрама сапында халықаралық жарыстарға қатысады. Жеребе бойынша 80 келіге дейінгі салмақта бірден финалға шығып, өкінішке қарай ұтылып қалған Диана Ахметова «күміс» жүлдеге ие болды. 57 келі салмақта 3 жекпе-жек өткізген Зарина Халидолла қола жүлдегер атанды. Қыздарды жаттықтырушылар А.Көшенов, А.Юн, М.Абсеновтер дайындады.

Шахмат

Астраханда балалар арасында шахматтан ашық фестиваль өтті.

Жарысқа атыраулық зияткерлік ойындардың әуесқойлары да қатысты. Кіші жас санаты бойынша №1 БЖСМ-нің тәрбиеленушісі 8 жасар Аят Абдуллаев (суретте) 55 қатысушысы бар топ ішінен жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Аяттың бапкері - 2009 жылғы Шри-Ланкада өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жәнібек Аманов.

Зілтемір

№1 БЖСМ-нің ауыр атлетика секциясының тәрбиеленушілері Никита Ефремов пен Нұргелді Ноғайбек Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионатында алтын медальды жеңіп алды.

Никита 34 келіге дейінгі салмақта шығып, «алтын» медальды иеленді, ол жұлқа көтеруде 28 келі және серпе көтеруде 38 келі көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді. 65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұргелді жұлқа көтеруде 100 келі, серпе көтеруде 125 келіні көрсетті. Бұл екі мықты спортшыны халықаралық санаттағы спорт шебері Тахир Халматов жаттықтырады.

Панкратион

Ақтауда балалар, кадеттер және жасөспірімдер арасында панкратион мен грепплингтен өткен ҚР чемпионатында «Айдар» кәсіби спорт клубының тәрбиеленушілері сәтті өнер көрсетті. Олардың қоржынында 4 алтын, 10 күміс және 6 қола медаль бар.

- Ақтауға біздің 13 спортшымыз барды, олардың тек екеуі ғана жүлдесіз оралды, - дейді «Айдар» кәсіби спорт клубының жаттықтырушысы Саидмагомед Типаев.

Панкратион бойынша еліміз чемпионы атанғандар: Фархат Ниетов, Әліби Есімғалиев, Темірхан Кенжебаев және Әлихан Зубариев. «Күмісті» иеленгендер: панкратион бойынша «традишн» бөлімінде – Айбек Сейтенов, Магомед Даудов (бұл жігіттер «фулл-контакт» бөлімінде де тағы бір-бір күміс медальдан иеленді), грепплинг бойынша – Ф.Ниетов, Т.Кенжебаев, А.Зубариев, М.Даудов, Магомед Дибдиев, Анарбек Дәулетқалиев.

«Қоланы» Әліби Есенғалиев, А.Сейтенов (грепплинг), Турпал-али Исмаилов, Денис Бычков, Тимур Ізтұрғанов және Умар Умалатов жеңіп алды.

Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары панкратион және грепплинг федерациясының президенті Сағындық Мекеевке және республикалық кекушинкай-кан карате-до федерациясының облыстық филиалының директоры Танат Нұрымовқа аймақтағы жекпе-жекті дамытуға қолдау білдіргені үшін алғыстарын білдірді.

Карате

Image 3«Қайсар» спорт клубының тәрбиеленушілері жасөспірімдер мен балалар, қыздар арасында шито-рю карате-до бойынша Шымкентте өткен ҚР чемпионатынан екі алтын, бір күміс және екі қола медаль алып келді.

Жарыс WKF каратенің олимпиадалық нұсқасы - «шобу кумите» ережелері бойынша өтті. Оған 600-ден аса спортшы қатысты. Атырау атынан «Қайсар» спорт клубының 12 тәрбиеленушісі шықты. 14-15 жас санаттары бойынша 57 келіге дейінгі салмақта Батырғали Әбілмансұр финалға шығып, чемпион атанды. 16-17 жас санаттары бойынша 55 келіге дейінгі салмақта «алтынды» Бейбарыс Жаңбыр еншіледі, ол барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады. 12-13 жас санаты бойынша 45 келіге дейінгі салмақта Мұқан Санжар қола жүлдегер атанды. Айнұр Боқашева абсолюттік салмақ санатында үшінші орынды иеленді. «Қайсардың» титулды тәрбиеленушілерінің бірі Әсел Серікова табан тірескен жекпе-жекте төрешілер шешімімен күміс жүлдегер атанды. Бұл алдағы қазан айында Мексикада өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарыс болды. Спортшыларды А.Рахман, С.Торғаев, О.Айтжанова, А.Любин, Б.Ізбасханов және А.Серікова сынды жаттықтырушылар дайындады. «Қайсар» СК федерациясы қолдау көрсеткен облыстық карате-до федерациясының құрметті президенті М.Б. Мурзиевке алғыс білдіреді.


14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.