Атырау, 16 сәуір 12:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Шипажайға үш жастан бастап барады

2 248 просмотра

Менің екі жастағы балама бронх демікпесі деген диагноз қойды. Мұндай диагнозы бар балаларды біздің облысымызда қалай емдейді? Қандай да бір емдеу шаралары жүргізіле ме? Осындай диагнозбен балалар есепке алына ма? Қандай мамандар қандай бақылау жүргізеді? Мұндай диагнозбен балаларға сауықтыру шипажайларына жолдама, сондай-ақ, емделуге квота беріле ме? Егер берілетін болса, қайда барып жолығады, қалай рәсімдеу керек?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облысы ден-саулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ жауап берді:

- Бронх демікпесі диагнозымен баланы өзі тіркелген жеріндегі учаскелік дәрігері оны диспансерлік есепке алады. Қосымша тексерілуден өту және ем алуы үшін балалар облыстық балалар ауруханасы жанындағы аллерголог-дәрігерге кеңес алуға жіберілуі тиіс. Қажеттілігіне қарай кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) аясында бронх демікпесі бар бала облыстық балалар ауруханасынан стационарлық немесе университет жанындағы «Ақсай» (Алматы қаласы) клиникалық ауруханасында ем алуы мүмкін. «Алатау» (Алматы қаласы) балалар шипажайына жолдама ККТМК аясында ҚР Денсалық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жолдамаларымен жіберіледі. Шипажайға жолдама 3 жастан 14 жасқа дейінгі жас шамасындағы балаларға беріледі.

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.