Атырау, 19 сәуір 23:14
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Молдова азаматтары үшін - 90 күн

2 321 просмотра

Мен Молдова азаматымын, қазіргі уақытта отбасылық жағдайыммен Атырау қаласында жүрмін. Жеке тұлғамен еңбек шартын жасауды жоспарлап отырмын. Маған көші-қон полициясында ондай келісімшартты тек үш ай мерзімге ғана жасауға құқылы екендігімді айтты. Одан соң ҚР аумағынан шығуға міндетті екенмін. Алайда, 2013 жылғы 10 желтоқсандағы «Еңбек көші-қонымен байланысты кейбір нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда еңбек мигранттарына жеке тұлғалармен еңбек шартын 12 айға дейінгі мерзімге созуға болады делінген. Бұл заң нормаларын ТМД елдерінің азаматтары қолдана алады, Молдова сол елдердің қатарына кіреді. Көші-қон полициясында бұл заң нормасы тек Өзбекстан және Қарақалпақстан азаматарына қатысты деп отыр, ал, мен Молдова азаматы ретінде осы заңның аясында еңбек шартын ұзарту құқығынсыз тек 3 ай мерзімге ғана жасауға құқылымын. Сондай-ақ, шетелдік азаматтарды тіркеу мерзімі жөнінде де мәселе туындап отыр. Тіркеуді рәсімдеу барысында маған Молдова азаматы ретінде тіркеуді 60 күнге және одан әрі 30 күнге ұзартып тіркейді. Нәтижесінде мен Қазақстанда 90 күннен артық бола алмаймын. Алайда, Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтарды тіркеу ережесінің 5 тармағында тайға таңба басқандай былай делінген: «Қазақстан Республикасына келудiң және болудың визасыз тәртiбi туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тiркеу отыз тәуліктен, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімдерге ұзартылады». Молдова Республикасы Қазақстан Республикасына азаматтары визасыз тәртіппен келе алатын мемлекеттер тізбесіне кіреді. Соған сәйкес Молдова азаматтары тіркеуді 90 тәулікке дейінгі мерзімге ресімдей алады және сондай мерзімге ұзарта алады. Демек, ҚР аумағында Молдова азаматтарының жалпы болу мерзімі заңға сәйкес 180 күнді құрайды. Көші-қон полициясының қызметкерлері ҚР заңнамаларымен белгіленген қолданыстағы нормалар мен ережелерге қарамастан тіркеуді тек 60 тәулікке және 30 тәулікке дейін ғана ұзартуды қандай негізге сүйеніп рәсімдеп отыр?

А. К.

Сұраққа Атырау қаласы ІІБ-нің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ жауап берді:

– ҚР «Халықтың көші-қон туралы» заңының талаптарына сәйкес, еңбек мигрантына жұмысқа тұру үшін үш ай мерзімге дейін рұқсат және осы кезеңге тіркелген жаңа көші-қон кәртішкесі беріледі. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат Қазақстанда визасыз үш айдан кем емес мерзімге келуге мүмкіндік қарастырылған Қазақстан Республикасымен визасыз келіп-кету тәртібі туралы келісімге келген ТМД елдерінің азаматтарына беріледі. Осыған байланысты визасыз келу және болу мерзімі келісіммен шектелмеген Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтарына еңбек мигранттары ретінде рұқсат беріледі және бір жыл мерзімге ұзартылады.

2003 жылдың 17 қыркүйегінде Кишенев қаласында қол қойылған азаматтардың ҚР Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiмі бойынша тарап мемлекетiнiң аумағына тоқсан күннен артық мерзiмге келетiн бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары қабылдайтын мемлекеттiң визасын алуға мiндеттi (Келісім 4-бабы, 1-бөлімі).

Аталмыш келісімге сәйкес Қазақстанда визасыз 90 күнге дейінгі мерзімде бола алатын Молдова азаматтарына еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беріледі және визасыз болу мерзімі ұзартылады. 90 күннен кейін ол азаматтарға міндетті түрде елден шығуға немесе ҚР СІМ «М1, М2» (еңбек қызметін жүзеге асыру үшін) санаттағы визаны ұсынуы тиіс.

ҚР иммигранттардың келіп-кету Ержесінің 10-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасына келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық келісімшарттары бар елдерден ҚР келген азаматтарды тіркеу визасыз болуға рұқсат етілген мерзімге жүргізіледі. Егер нақты бір мерзім белгіленбеген жағдайда тіркеу 30 тәуліктен аспайтын мерзімге рәсімделеді, ал, Кедендік одаққа мүше елдердің азаматтары үшін 90 тәулікке және одан әрі тағы да сондай мерзімге ұзартылады. Осыған байланысты Молдова азаматының 90 күнге дейінгі мерзімге тіркелуі заңды. Ол Қазақстанда 90 тәуліктен аса мерзімде болуы үшін ҚР СІМ беретін қазақстандық визаны алдын ала алуы тиіс.

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.