Атырау, 25 сәуір 22:28
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Айдардың» айдарынан жел есіп тұр

4 696 просмотра

Қарағандыда әскери самбодан болған ашық Қазақстан чемпионатында «Айдар» кәсіпқой спорт клубының тәрбиеленушілері керемет ойын көрсете білді. Олар тек командалық есеп бойынша ғана жарыс иелерінен төмен болды.

«Чемпионат көптеген қатысушылардың басын қосты, - дейді «Айдар» кәсіпқой спорт клубының президенті Сағындық МИКЕЕВ. – Кейбір салмақ дәрежелері бойынша 20-дан аса адам алаңға шықса, кейбір финалистерге 5 жекпе-жектен өтуге тура келді».

68 кгдейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Жұмагелді ЖЕТПІСБАЕВ күшті ептілік танытты. Ол жақында ғана аяғынан операция жасатқан еді, соған қарамастан ол жартылай финалға жетті. Шешенстанның чемпионы Рахман ДУДАЕВТАН жеңіліп қалды. Сөйтіп ол жарақатының ашылып кеткендігіне қарамастан 3-ші орын үшін белдесті. Жарақатына қарамастан біздің жерлесіміз өз қарсыласын нокаутпен құлатып, «қолаға» ие болды. Ал, 62 кг дейінгі салмақта белдескен біздің Асхат БАЙТЕШОВ үшінші нәтижені көрсетті. Облыс құрамасының 82 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшы Қанат ӘБДРАХМАНОВ жартылай финалда павлодарлық қарсыласын құлатып, финалда Қарағанды құрамасының өкілін жеңіп кетті. 

74 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Асланбек ТӘЖЕНОВ 5 рет жекпе-жекке шықты, боксерлік стилде ұпай жинады. Финалда Қырғызстан құрамасының өкілінен басым түсті.

Жарыс ұйымдастырушылары жеңімпаздарға музыкалық орталықтар, ал, күміс және қола жүлдегерлерге спорттық ойын жиынтықтарын табыс етті. Қанат пен Асланбек әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасына енді. Ол желтоқсан айының аяғында Мәскеу қаласында өтеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 желтоқсан 2011, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.