Атырау, 29 наурыз 16:41
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Астаналық ақ желеңділер Атырауда

2 244 просмотра

Атырауда «Ұлттық медицина холдинг» АҚ-ның бір топ дәрігерлері үш күн жұмыс жасады.

Дәрігерлік десант құрамында кардио және нейрохирургия, иммунологтар, ортопедтер, аллергологтар және эндокринологтар мен гинеколог дәрігерлер бар.

Астаналық хирургке ота жасатқан 64 жастағы атыраулықтың жолы болды. Оның ұйқы күре тамырына ота жасалды. Сондай-ақ, нейрохирургиялық патологиясы бар науқастың омыртқа жотасына, бауырды алып тастау, өт жолдарын қалпына келтіру және басқа да оталар жасалды. Біздің аймақта алғаш рет жасалған бірнеше сирек оталардан басқа, астаналық дәрігерлер халық үшін жүзден аса кеңестер беріп, жергілікті дәрігерлер үшін лекциялар мен шеберлік-кластарын ұйымдастырды.

Астаналық және біздің дәрігерлеріміздің арасында туындаған жылы қарым-қатынастарға қарамастан, атыраулықтар жергілікті дәрігерлерге сенім арта алмайды және мүмкіндіктеріне қарай емделу үшін Астанаға, Алматыға немесе көрші Астраханға, кейде тіпті, алыс жақтарға кетуге тырысады. Дегенмен, астаналық дәрігерлер бұл жағдайға аса таңдана қоймады: олардың айтуынша, олар үш апта ішінде 6 облыс орталықтарында болған және олардың барлығында да осы жағдайға қатысты түсінік беруге тура келген.

- Жалпы Атыраудағы аппаратуралар Мәскеудегіден нашар емес және бұл қаланың басқа қалалардан айырмашылығы сол, медицинаны тек мемлекет қана қаржыландырып қоймайды, ірі мұнай компаниялары да қаржыландырады, - дейді медицина ғылымдарының докторы, бүкіләлемдік хирургтер ассоциациясының мүшесі және «Ұлттық медициналық холдинг» директорлар кеңесінің төрағасы Тоқан СҰЛТАНӘЛИЕВ. - Аймақта мамандардың жетіспеушілігі бөлек мәселе. Біз тәжірибе алмастырып жұмыс істеуге дайынбыз. Атыраулық дәрігерлер Астанаға 5-6 күнге келсе, ал біздің дәрігерлеріміз де сіздерге жиі келетін болады. Бұдан басқа, егер басқа жерден емделу қажеттілігі туып жатса, біздің холдинг клиникасы тегін медициналық көмек көрсету аясында жұмыс жасайды және Қазақстанның кез-келген азаматы қажетті операциялық көмегін ала алады. Тек тұрғылықты мекен-жайынан жолдама алса болады.

– Сіз біздің дәрігерлерімізге  қандай кеңес бердіңіз?

- Бұл облыстағы тамыр және кардиохирургия саласындағы жаңа технологияларға қатысты. Біз жергілікті дәрігерлерді бұрын облыс көлемінде қолданылып көрмеген емдеудің озық тәжірибе, әдістерімен таныстырдық. Олар да құр алақан болмай шықты, өздері қол жеткізген жетістіктерімен мақтанды. Конференцияға көкірегінде кардиостимулятор жұмыс істеп тұрған екі пациенттің бірін шақыртты.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В. Истомин

 

«АЖ» анықтамасы:

 «Ұлттық  медициналық холдинг» АҚ 2008 жылы Астана қаласында құрылды. Холдинг құрамына ана мен бала ғылыми орталығы, балаларды оңтайландыру орталығы, нейрохирургия орталығы, диагностикалық орталық, жедел көмек көрсету орталығы, кардиохирургиялық орталық кіреді.

Бүгінгі таңда холдингтің инновациялық клиникаларының қызметкерлері тек Қазақстан үшін ғана емес, бұрынғы одақтас елдер үшін де сирек деп есептелетін бірқатар оталарды  жасауға қабілетті болып отыр. Ұлттық медициналық холдингте ең заманауи технологиялар қолданылады. Генетикалық ауытқушылықтар диагностикасы,  жүректің тумыстан  болатын ақауларының хирургиясы, экстракорпоральды ұрықтандыру,  хирургиялық  нейронавигация, гипофиз ісігінің трансназалді отасы, нейроваскулярлық хирургия, онкология сырқаттарын ерте анықтау, малоинвазивті  хирургиялық емдеу, интервенционды кардиология.

8 желтоқсан 2011, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.