Атырау, 29 наурыз 20:56
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ашық аспан астындағы вернисаж аллеясы

Сурет
4 912 просмотра


Осындай тақырыппен 25 наурызда Смағұлов алаңында жергілікті қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі өтті.

Ерсайын ЖАНБОЛАТОВ – Мақат ауданы Доссор мәдениет үйінің қызметкері. Көрмеге өз қолынан шыққан дүниелерді алып келіпті.

- Мен макеттер, сувенирлер жасағанды ұнатамын, ағаштан да бұйымдар жасаймын, - дейді қолөнерші.

Көрерменнің қызығушылығын жас зергер Қайрат ШАПАБАЕВТЫҢ күміс бұйымдары тудырды. Әсіресе, сақина мен сырғаларды қызықтап қаумалағандардың көпшілігі - нәзік жандылар.

Ал, суретші, қолөнерші Қалымбек ЖҰМАШЕВ «Атыраудың символы» деген ағаштан жасаған композициясын түсіндіріп берді:

- Бұл күрделі композициядан ұлу қабыршағын, балықты, мұнай тамшысын, қобызды байқауға болады, ал, спираль тәрізді тағаны генетиканы білдіреді.

Алаңда мерекелік көңіл-күй ауаны орнады, ауа райы да керемет болды. Қолына ұстаған домбырасын шерткен Ғафур ағаш шеберлері Нұрлыбек және Тұрлан БИСЕМБАЕВТАРДЫҢ туысы. Олар Береке ауылындағы шеберханаларында үстелдер, бесік, тұрмысқа қажетті бұйымдармен қатар домбыра да жасайды екен.

Ал, суретші жұмыстарының ішінен алыстан көзге түскені Бейбіт МЕҢДІҒАЛИЕВТЫҢ жұмыстары болды. Ол кісі ерекшеленіп тұрғанын қалап, суреттерін панно ретінде бейнелейді екен.

Ал, мен жақында зейнетке шыққан әріптесім Зинат ОРЫНБАСАРОВАНЫ көріп, қуанып қалдым. Ол кісі өзінің жасаған қыш бұйымдарын асықпай үстелдердің үстіне жайғастыра бастады. Құмыралар, кеселер, түрлі ыдыстар көздің жауын алады. Зинат бұл көрмеге Махамбет ауданының атынан қатысушы екен, оның Сарайшықта өз шеберханасы да бар. Зинат, біз сізді жақсы көреміз!

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

31 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.