Атырау, 19 сәуір 18:39
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ІІД үйі: «кемеңгерлік» шешім

3 493 просмотра

19 наурызда Нұрсая ықшамауданында қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ облыстық және жергілікті полиция басшылығы, сондай-ақ, ІІД арнайы жедел әрекет ету жасағы (АЖӘЖ) орналасқан ғимаратты салтанатты түрде ашты.

Естеріңізге салсақ, бұл үй туралы әріптесім Азамат МАЙТАНОВ әлденеше рет жазған болатын Миландық катер мен бір үйдің құпиялары»). Бірінші қабатта – креслолары мен дивандары бар кең фойе. Бұл жерден ғимараттың оң жақ қанатында арнайы жедел әрекет ету жасағы (АЖӘЖ) мен жол-патруль қызметкерлеріне арналған асханаға кіретін есік бар. Облыстық жергілікті полиция бастығы Нұрым ОРАЗБАЕВ кезекшілікте тұрған қызметкерлер үшін ыстық тамақ тегін берілетіндігіне кепілдік берді.

Сол жақ қанатта АЖӘЖ басшылығы орналасқан. Жертөледе душ бөлмелері, жаттығу залы мен екі теннис үстелі бар орынжай бар. Оразбаевтың айтуынша, 6 тренажер сатып алынған, тағы 18-ін сатып алу жоспарланып отыр.

Екінші қабатта қалалық және облыстық ювеналдық (жасөспірімдер) полициясы жайғасқан. Екі қабатты қарап шығып, жұмыс үстелдерінде отырған полиция қызметкерлерін құттықтаған әкім кетуге жиналды. Мен кеңсенің қалған екі қабатын көрсетуді өтіндім. Кезекшілерде олардың кілттері болмай шықты. Оразбаев көруге кейінірек келуді ұсынды. Оның айтуынша, ол жерде учаскелік инспекторлық қызмет пен ЖПҚ орналаспақ, олар әлі көшіп келмеген. Айта кету керек, кеспе тастармен және отырғыштармен абаттандырылған кеңсе ауласында таза ауада отыруға немесе АЖӘЖ броневигінің аясында суретке түсуге болады.

Әрине, қоныстайларыңыз құтты болсын! Алайда оқырмандарымыздың көкейлерінде көп сұрақ қалады деп ойлаймын. Егер аңғарып қараса, тіпті фотосуреттерден де бұл ғимаратқа жүздеген айбынды полицейлерді орналастыру жоспарланбағандығы айдан анық екені түсінікті. Оларға, мәселен, еденіне сырғанақ осал плитка немесе айналы, яғни француз төбенің қажеті қанша? Сары газ тұрбасын бүкіл 4 қабатқа жүргізудің қажеті қандай еді? Жоба бойынша осыншама асүй болғаны ма? Соншама серуен жолы мен демалуға арналған бақша орындықтарының қандай қажеті бар? Шымыр, дені сау жігіттерге қарапайым тирді айтпағанда, кедергілер жолағы бар спорт алаңы қажет емес пе? Автотехниканы сақтау мен жөндеуге арналған бокстар қайда? «Құпияланған» 3 және 4-ші қабаттарда тағы қандай асығыс қайта жөндеулер жүргізіліп жатыр?

Жалпы, тек үстірт білетін адамға да сол АЖӘЖ-де халық тығыз орналасқан ықшамаудан тұрғындарынан ғана емес, өз әріптестерінен де жасырылған дұрыс базасы болуға тиіс екендігі түсінікті. Арнайы жасақ сарбазының жүзін кез-келген көлденең көк атты білмеуі тиіс, оның үстіне көрші үйдің тұрғындарына күні бойы терезелерінен тегін «боевик» көруді ұсынудың не қажеті бар. Сондықтан біздің жарияланымнан кейін бүкіл құқыққорғау органдарының басшылары дерлік және облыс әкімі орынбасарларының бірі шұғыл жалтарған осы элиталы үйдің кең бөлмелі 12 пәтерін одан да көпбалалы отбасыларға берсе жақсы болар еді деген еріксіз ойға баттым.

Бірақ бағыныштыларына қарағанда, генерал мен басқа басшылардың өз кінәларын мойындауға батылдықтары аз болып шықты. Мансапты сақтап қалу керек, ал нашар жаттыққан арландықтар ұрыста бірдеңе етіп өздері құтылып шығар...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

P.S.: Материал баспаға басуға дайын болған кезде редакцияға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның жергілікті департаменті біздің жарияланымнан кейін осы үй бойынша тексеру тағайындағаны және жақын күндері оның аяқталғаны туралы бейресми мәлімет келіп түсті. Олардың тұжырымдары мен мемлекеттік сараптама нәтижелерімен танысқан қызықты болар еді...

23 наурыз 2016, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.