Атырау, 29 наурыз 19:42
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мастықпен «бомба» салған

2 054 просмотра

17 наурызда Атырауда жыл басынан бері алғаш рет жарылыс болатындығы туралы жалған хабарлама тіркелді.

Сағат 19.41-де 102 операторына белгісіз біреу қоңырау шалып, қала маңындағы Геолог поселкесінде аялдамалардың бірінде жарылыс құрылғысы салынғаны туралы хабарлады. «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары аумақты қоршап, саперлер мұқият тексеру жүргізді. Ол жерден бомба табылмады. Ал сол кезде ІІД жергілікті полицей қызметінің патрульдік экипажы «ізін суытпай» күдіктіні – 30 жастағы Геолог тұрғынын ұстады. Ол мойындау жауабын беріп, мас күйде бұзақылық пиғылмен қоңырау шалғанын түсіндірді.

Осы факт ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді, күдікті уақытша қамау абақтысына қамалды, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА.

2015 жылы Атырауда жарылғыш құрылғысы салынған деп бес қоңырау түскен еді. Бес іс те сотқа жолданып, кінәлілерге бас бостандығынан айырылу түрінде жаза тағайындалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
18 наурыз 2016, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.