Атырау, 20 сәуір 09:31
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Наурызды қалай тойлаймыз?

2 820 просмотра

Наурызда атыраулықтарды қызықты бағдарламалар күтіп тұр. 22 наурызда мерекелік шаралар қаладағы бірнеше алаңда қатар өтеді.

Исатай мен Махамбет атындағы алаңда сағат 11-де театрландырылған «Қош келдің, Әз Наурыз!» концерттік бағдарламасы басталады. Интеллектуалдық ойындарды ұнататын жандар үшін осы жерде дойбы турнирі өтеді. Өнерсүйер қауымға суретшілер мен халық шеберлерінің көрмесін көру қызықты болмақ. Спорт әуесқойлары да назардан тыс қалмады. Олар қазақша күрес, армрестлинг, стритбол, тоғызқұмалақ, арқан тартыс ойындарына қатыса алады. Сағат 19.00-де алаңда «Жаса, жайна, Әз Наурыз!» мерекелік концерті басталады, ал, сағат 22-де мерекелік отшашу болады.

Привокзальныйдағы С.Мұқашев атындағы бульварда сағат 11.00-де «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» концерттік бағдарламасы басталады. Нұрсая ықшамауданының тұрғындары Олимпиадалық резервті дайындау орталығы ғимаратының алдындағы алаңда сағат 11.00-де басталатын «Төрлет, Наурыз!» концерттік бағдарламасын көре алады. Ал, Балықшыда «Аққу» дүкенінің маңында «Наурыз көктем, жыр-думан» концерттік бағдарламасы өтеді.

Жеңіс бағында «Қош келдің, жыл басы – Наурыз!» концерті, Жилгородокта Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің алдында «Наурыз – ырыс пен береке бастауы!» атты концерт өтеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.