Атырау, 24 сәуір 18:09
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Мен үшін көрермен пікірі маңызды»

3 666 просмотра

11 наурызда Ш.Сариев атындағы өнер музейінде атыраулық суретші Манарбек ДӘУЛЕТИЯРОВТЫҢ жеке көрмесі өтті.

Бұл жолы көрмеге, негізінен, оның соңғы екі жылда салған 50 шақты суреті қойылған. Олардың көбіне автор түсінік беріп өтті. Мәселен, «Өркениеттер шағылысуы» деп аталатын жұмысы, суретшінің айтуынша, кездейсоқ туған. Басында басқа идеямен салына бастаған сурет кейін осындай кейіпке енген.

Ал, «Кіші жүз. Он екі ата Байұлы» жұмысында 12 рудың таңбаларын бейнелеген.

Көрмеде, сонымен қатар, суретшінің автопортреті, жары Эльмира, ұлы Әмин мен қызы Элифтің де суреттері қойылған. Манарбектің жұбайы Эльмира ЖҰМАБАЕВА да - облысқа белгілі кәсіби суретші.

Манарбек суретші мамандығы бойынша білім алған кәсби суретші болғанымен, бейнелеу өнері жолына кеш - 46 жасында келген.

- Менің басқа суретшілерге қарағанда тәжірибем аз, сондықтан өнер иелері мен көрерменнің пікірі мен үшін аса маңызды, - дейді Дәулетияров.

Көрмеге жиналғандар арасында композитор, музыкатанушы Ілия ЖАҚАНОВ, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әбіл ЖОЛАМАНОВ және өзгелер суретшінің шығармашылығы туралы өз пікірлерін білдірді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

17 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.