Атырау, 25 сәуір 20:19
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Көлікжайларды құрықтаудың екінші кезеңі

3 046 просмотра

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА қала көшелерінен заңсыз темір көлікжайларды алып тастау бағдарламасының екінші кезеңінің басталғандығын хабарлады.  

«Көлікжайлармен күрестің» бірінші кезеңі өткен жылдың шілде айынан қыркүйек айына дейін жүргізілді. Авангард, Лесхоз, Привокзальный аудандары толық тазартылды. Жазғы-күзгі науқан уақыты ішінде көшелерден шамамен мыңдаған көлікжайлар, вагондар мен сарайлар алынып тасталынды. Олардың орынына енді футбол және балалардың ойын алаңдары салынды.

Қалалық әкімдік осы кезең ішінде ДОСААФ, Огородная, Азаттық, Тұрғын үй қалашығы, АМӨЗ және Балықшы аудандарының аумағын тазартуды жоспарлап отыр.

Көліктері «баспанасыз» қалған көлік әуесқойлары не істемек? Ашық аспан астына қыстап шықпақ па? Билік басындағылар бұл проблеманы жоққа шығарып отырған жоқ, мәселен, өткен жазда Привокзальныйдағы 3-ші ықшам аудандағы темір көлікжайларды алып тастау кезінде қаланың бас сәулетшісі Бақтыбай ДҮЗЕЛБАЕВ бұл ықшам аудандағы босап қалған аумаққа қазіргі заманға лайықты көп қабатты паркингтер салынатын болады деп уәде еткен еді. Алайда, содан бері бірде- бір паркинг салына қойған жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.