Атырау, 26 сәуір 02:03
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Ұрланған күшіктер қожайынына қайтарылды

15 089 просмотра

Image 0Көрнекі сурет 4 наурызда кешкісін Атырау тұрғыны тал түс пен сағат 17-лер арасында белгісіз біреулердің Песчаной көшесі бойындағы оның үйінің ауласына кіріп, сатуға әзірленіп, анасынан бөлек торда тұрған алабайдың екі айлық төрт күшігін ұрлап кеткендігін полицияға хабарлады.

Ит қожайыны зиянды 600 мың теңгеге бағалады. Ал 5-іне қараған түні Балықшыда Атырау қ. жергілікті полиция қызметкерлері BMW көлігін тоқтатады. Оның жүксалғышынан ұрланған күшіктер табылып, олар қожайынына қайтарылды. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ұрлық жасады деген күдікпен Тасқала поселкесінің 19 жастағы тұрғыны мен Атырау қаласының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 наурыз 2016, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.