Атырау, 29 наурыз 16:42
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

АҚШ Иранға қарсы санкциясын тағы 1 жылға ұзартты

2 193 просмотра

Алматы. 10 наурыз. ҚазТАГ – АҚШ президенті Барак Обама Иранға қатысты санкциялық режимін тағы бір жылға ұзартты, деп хабарлады ТАСС.

АҚШ Конгресіне жолданған мемлекет басшысының хабарламасында Барак Обама Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келісім жасалғанын және 2016 жылы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Иранның келісім ережесін орындап жатқанын растағанын еске салған.

«Дегенмен, Иран үкіметінің кейбір әркеттері мен шешімдері өңірдегі Құрама Штаттардың мүддесіне қарама-қайшы және Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігі, сыртқы саясаты мен экономикасына айрықша және төтенше қауіп төндіруін жалғастыруда. Соған байланысты мен Иранға қатысты бұған дейін жарияланған ұлттық төтенше жағдайды созу және сол қауіпке жауап ретінде Иранға қатысты нақты санкцияны күшінде қалдыру туралы шешім қабылдадым», - делінген Ақ үйдің баспасөз қызметі таратқан АҚШ президентінің жолдауында.

Аталмыш режим, Б.Обаманың шешіміне сәйкес тағы 1 жылға ұзартылды.

Дереккөз: kaztag.kz

10 наурыз 2016, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.