Атырау, 20 сәуір 06:48
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Пәтер ме, жер телімі ме?

3 319 просмотра

– 2004 жылы жер телімін алуға құжаттар тапсырдым, ал бірнеше жылдан соң пәтер алу кезегіне тұрдым. Жақында маған пәтер мен жер телімін қатар алуға болмайтынын, кезектің бірінен бас тартуға тура келетінін айтқан еді. Осы дұрыс па?

Гауһар

Сұраққа Атырау қаласы әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап берді:

– «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңының 69-бабына сәйкес, есепке қойған кезде және тұрғын үй берген кезде ҚР аумағында меншiк құқығында тұрғын үй болмауы тиіс.

Заңның 73-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, жер телімін алу және өзiнiң тұрғын үйiн салуды аяқтау тұрғын үй берiлуіне мұқтаждар есебiнен шығаруға негіз болып табылады.

ҚР Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер телімі бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР азаматы жер телімі мен тұрғын үйді қатар алуға үміттене алады. Алайда жер телімін алып, өз үйінің құрылысын аяқтаған жағдайда азамат баспанаға мұқтаждар есебінен алынып тасталады.

10 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.