Атырау, 20 сәуір 11:47
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Биылғы көктемде былтырға қарағанда су көп болады

3 052 просмотра

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, биыл таситын су көлемі нормадан аз, бірақ өткен жылға қарағанда көп келеді.

Таситын су көлемі үш критерий бойынша: топырақтың күзгі дымқылдануымен, өзеннің жоғарғы жағында жиналған қар қорымен және қардың еру қарқындылығымен анықталады, деп түсіндірді Б.Қуанов.

Күзгі дымқылданудың маңыздылығы сол, қыста мұзға айналатын жаңбыр суы тасқын суының топыраққа сіңуіне мүмкіндік бермейді. Бұл көрсеткіш 57 миллиметр нормада Жайық өзені бассейнінде 51 миллиметрді, яғни 94% құрайды. Салыстыру үшін: алдыңғы су тасқынында күзгі дымқылдану 10 пайызға аз болды. Облысымыздағы шағын Ойыл, Сағыз және Ембі өзендерінің бассейніне жаңбыр аз жауды. Ол жердегі дымқылдану норманың жартысын құрады.

Жайықтың бассейндік қар қоры 75 мм нормада 1 наурыздағы ахуал бойынша 114 мм, яғни, 152% құрады. Жайық өзенінің жоғарғы жағында қар жауу жалғасуда. Облыстағы шағын өзендерде олай емес. 66 мм нормада Ақтөбе облысының Мұғалжар тауындағы қар қоры 67 мм құрайды.

Басталып келе жатқан көктемді сушылар қолайсыз деп атап отыр, өйткені ақпанда суытудың орнына күн жылынып кетіп, жоғарғы жақтағы қар ери бастады.

Биылғы көктемде көп су тасымайды деп жорамалдайды ресейлік мамандар. Өйткені еріген судың басым бөлігі уақытынан бұрын құйылады.

5,9 млрд текше метр нормада Жайық арнасына құйылатын су ағымы 5,5-7,5 млрд текше метр болады деп жорамалданып отыр (Ириклинск бөгеті орналасқан негізгі арнадан басқа Сақмар мен басқа өзендерден құйылады). Бұл бар болғаны 2,1 млрд текше метрді құраған өткен жылғы су тасқыны көлемінен көп.

Облыстың шағын өзендеріндегі су тасқыны өткен жылға қарағанда мол болады деп күтілуде. Ойылға - 218 млн текше (өткен жылы 94 млн), Сағызға - 23 млн текше (15 млн), Ембіге - 325 млн (200 млн) текше метр көлемінде су құйылады деп күтілуде.

Таяу күндері Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының мамандары Орынбор облысындағы Ириклинск су қоймасының басшылығымен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Қыста бөгет қақпасынан Жайық арнасына секундына 20 текше метрден, 18 ақпаннан 10 наурызға дейінгі аралықта – 30 текшеден су құйылған. Келіссөздер барысында жаңа мерзімге бөгеттің су өткізу көлемі белгіленетін болады.

Қазіргі су тасқыны бойынша 1 180 млн текше метр нормада ресейлік сушылар су қоймасына 700-1 300 млн текше метр су құйылады деп жоспарлап отыр. Өткен жылы бұл көлем 690 млн текшені құрады.

Су тасқыны көлемі биыл өткен жылға қарағанда көп, бірақ нормадан 10%-ға аз болады, - деп қорытындылады Б.Қуанов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
7 наурыз 2016, 22:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.