Атырау, 20 сәуір 01:14
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Жұмыс табуға жәрдемдеседі

2 688 просмотра

- 2015 жылдың желтоқсанында ХҚКО жұмыссыз ретінде тіркелдім, оның бер жағында үш айдай уақыт өтті. Бірақ жұмыстың реті жоқ. ХҚКО-на барсам, жұмыс жоқтығын айтады, ал, арнайы курстарға жазылу мамырда басталады екен. Жұмыс тапқанша әлеуметтік төлемақы алуыма бола ма? Ол үшін қайда барамын, қандай құжат жинаймын?

Арман

Сұраққа облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан МҰХАНБЕТОВ жауап берді:

- ҚР-ның «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15-бабы 2,3-тармақтарына сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы адамдарды өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық атқарушы орган бекітетін дербес есепке алу карточкасына мәліметтерді енгізу арқылы жұмыссыздар ретінде тіркейді.

Тіркелген жұмыссыздарға мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың мынадай түрлерін көрсетеді: жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну міндеті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемді жүзеге асыру.

Жұмыссызға жұмысынан айрылған жағдайына әлеуметтік төлем тиісті болған жағдайда төлемді тағайындау тәртібі және оны жүзеге асыру тетігі ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

Жұмыс орындарына сұраныстар қажеттілігіне қарай күнбе-күн түсіп отырады, сондықтан жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін аталған баптың 4-тармағына сәйкес тіркелген жұмыссыздар күнтізбелік он күн ішінде бір реттен сиретпей халықты жұмыспен қамту орталығында, ал, ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар айына бір реттен сиретпей кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде белгіленіп тұруға тиіс.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға егер олардың қажетті кәсіптік біліктілігі болмауына байланысты лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда бюджет қаражаты есебінен (жоспар бойынша қаражаттың айларға бөлінуіне қарай) жолданатынын қаперге береміз.

3 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.