Атырау, 24 сәуір 02:15
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Жұмысы алыс ерте тұрады

2 293 просмотра

– Мен қала сыртында 15/15 күндік вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Бірақ күн сайын кешке үйіме келемін. Жұмыс күні сағат 7.00-де басталып, сағат 19.00-ге дейін жалғасады. Жұмысқа уақытында жету үшін қызмет көлігі мені сағат 5.30-да алып кетеді. Үйімнен жұмысыма дейінгі жолға кететін сағатқа төлемақы алуға құқылымын ба?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөліміндегілер жауап берді:

– Тұру, тамақ ішу, жолақы мәселелері тараптардың келісімімен шешіледі және ұжымдық келісімшартта жазылады. Егер ұжымдық келісімшартта жұмысқа дейінгі жолға кететін уақытты төлеу туралы айтылса, онда жұмыс беруші төлеуге міндетті. Егер ұжымдық келісімшартқа бұл тармақ енгізілмесе, онда міндетті емес.

3 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.