Атырау, 28 наурыз 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ортақ жер қойнауы мен жеке «құпиялар»

2 462 просмотра

Атырау облысының үкіметтік емес ұйымдары жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары туралы ақпаратты жинауға кірісті.

Үкіметтік емес ұйымдар әрекет етіп жатқан жоба «Өндіруші өнеркәсіптегі келісім-шарттарды ашып көрсету үшін жұртшылық талабын қалыптастыру» деп аталады. Жобаға Сорос-Қазақстан қоры қаржылық қолдау көрсетеді.

Үкіметтік емес ұйымдар 4 ай ішінде келісім-шарттардың жабық болуының субъективті себептерін талдау үшін халыққа, мемлекеттік органдардың, өндіруші компаниялардың қызметкерлеріне сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл себептер жойылса, азаматтар табиғи ресурстардың ірі кеніштері бойынша келісім-шарттар туралы ақпаратқа қол жеткізе алар еді.

Жоба жетекшісі, «Заман» ҚБ директоры Әсел НҰРҒАЗИЕВАтүсіндіргендей, «Беделді құқықтанушылардың пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанда келісім-шарттарды ашу үшін заңды кедергілер жоқ. Зерттеу қорытындысы заңгерлердің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, сондай-ақ азаматтық қоғам мен өндіруші компания өкілдерінің қатысуымен талқыға салынатын болады»

«Каспий табиғаты» ҚБ төрағасы Махамбет ХАКИМОВТІҢайтуынша, барлық жер қойнауын пайдаланушылардың басты дәйектері – коммерциялық құпия екен.

– Дүниежүзілік тәжірибеде «коммерциялық сипаттағы жабық ақпарат» деген термин жоқ. Алайда жер қойнауын пайдалану келісім-шартының шарттарын өндіруші компаниялар осы желеумен құпиялап алады, - деді М.Хакимов.

Өкінішке орай, мұнай компанияларының өкілдері бұл кездесуді елең етпеген сыңайлы. Алайда бұл белді бекем буған жұртшылыққа әсер етпеді.

Сәния ТОЙКЕН

1 желтоқсан 2011, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.