Атырау, 24 сәуір 07:40
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Трамадол тек рецептімен сатылады

4 104 просмотра

Атырау облыстық медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласын бақылау департаментінің мамандары есірткілік анальгетик - трамадолдың еркін сатылуына қатысты бірқатар дәріханаларға тексеру жүргізді.

Естеріңізге салайық, біздің оқырманымыз жастардың трамадолды қолданатындығына қатысты жұртшылық назарын аударған болатын. Препаратты қолданғандықтан оның ұлының денсаулығына орасан нұқсан келіп, енді ол ыждағатты емдеуге мұқтаж болып отыр. Жас жігіт таблеткаларды рахат сезіміне бөлену үшін қолданғанын, ал оны дәріханадан сатып алғанын айтқан. Кейбір фармацевтер жасөспірімге артық сұрақ қоймастан рецептісіз сатқан. Трамадолды қаладағы кейбір дәріханадан емін-еркін сатып алуға болатындығына көз жеткізген әйел Департаментке арыз жазған. Оның арызы бойынша 4 дәріхана тексеруден өткізіліп, оның екеуінде трамадолдың еркін саттықта болғаны расталған.

«Бұл препарат ауру күшейгенде, онкологиялық ауруларда қолданылады, бірқатар қарсы көрсетілімдерге ие. Оны есірткіге тәуелділік болған кезде, жүйке күйзелісінде, бауыр мен бүйрек ауырғанда қолдануға болмайды. Ол ұйықтататын дәрілердің, алкогольдің әсерлерін күшейтеді, - дейді Атырау облыстық медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласын бақылау департаменті бастығының орынбасары Алма САРБАЛИНА. – Тек дәрігер ғана толықтай тексеруден өткізгеннен кейін препаратты тағайындау туралы мәселені шешеді. Трамадолға Қазақстанда тыйым салынбаған, ресми түрде есірткі деп танылмаған, алайда оны дәрігердің тағайындауынсыз немесе рецептісіз сатуға болмайды».

Заң бұзушылықтар анықталған дәріханаларға 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.