Атырау, 25 сәуір 12:04
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қызанақ жылыжайда жақсы өседі

7 069 просмотра

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жөніндегі облыстық бағдарлама аясында салынған жылыжайдың жұмыс істей бастағанына бір жыл болды. Жаңа жылдық дастарханымызда бұл қызанақтардың болмайтыны өкінішті-ақ. Өйткені, көшеттер жеміс беріп болған.

Жыл ішіндегі өнімнің жалпы көлемі, жылыжай кешені мен көкөніс сақтау қоймасының директоры Данияр СЕРІКҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, 80 тонна құраған. Келісілген шарт бойынша, азық-түлік бағаларын осы жобаны қаржыландырып отырған облыстық әкімдік бекітеді.

- Бұл басқа жақтан әкелінетін азық-түліктердің бағасынан орташа алғанда 30 пайызға төмен, - дейді Д.Серікқалиев. – Біздің босату бағамыз – 250 теңге, ал біздің серіктестеріміз бағаны көтеріп, 320-330 теңге шамасында ұстауы тиіс (әкелінген қызанақтар «Лидер» сауда желісінде 400 теңге тұрады – З.Б.).

Оның айтуынша, жылыжай әлі толық қуаттылыққа қосылмаған. Ал бұл жылына 180 тонна. Өткен жылды ол бейімделу жылы деп атады.

- Сапасын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Отырғызу күнтізбесі жасақталып, таңдалған қызанақ сұрыптарының ресурстары зерттелуде... Қазір бұл ресурс сарқылды – көшет 9 ай жеміс берді, енді оны ауыстыратын уақыт келді. Келесі аптада бұларды суаруды тоқтатамыз да, жаңа көшеттерді отырғыза бастаймыз. Жаңа көшеттерден өнімді үш ай өткен соң ала бастаймыз. Уақыт өте келе көшеттерді ауыстыру мерзімін ашық атыздардағы өнімдердің табиғи пісу уақытымен тура келетіндей етіп бейімдейтін боламыз. Яғни, жылыжай қызанақтары күзден бастап көктемге дейін сөрелерде сатылса, жазда атыздағы қызанақтарға орын берілетін болады.

- Тұтынушылар жылыжай көкөністерінің дәмі біртүрлі әрі басқа сұрыптарға қарағанда тез бұзылады деп есептейді.

- Бәлкім, бұл басқа жақтан әкелінетін жылыжай көкөністері жөнінде болар. Біздің қызанақтарымызды астрахандық қызанақтармен салыстырғанда анағұрлым дәмді деп айта алады. Ол жақта өнімді пісіп үлгермеген күйінде үзіп алады. Ал бізде әбден пісіп, жинап алған соң сөрелерге үш күннен кейін түседі. Әкелінген өнім тұтынушыға жеткенше ұзақ уақыт кететіндіктен, тезірек бұзылады.

Жалпы, отандық өндірушіні қолдайық. Бұл көлем бағаны қалыптастыруға нақты ықпал етуге қабілетті бола қояр ма екен?! Ал егер мұндай жылыжайлар көп болса, ахуал түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

30 қараша 2011, 19:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.