Атырау, 29 наурыз 20:33
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Ғалым құрғақ су ойлап тапты

1 983 просмотра

Image 0Жаһандық жылымықпен күрес жобасы аясында Ұлыбритания ғалымы өзінің ашқан жаңалығы- ұнтақ түріндегі суды ұсынды.

Оның пікірінше, бұл қоршаған ортаны бүлдірумен күресте тиімді құрал болуы тиіс. Аталған зерттеу жұмысы алғаш рет АҚШ-тағы ғылыми көрмеде көрсетілді. Ол екі компоненттен тұралы: су және кремнезем (кремнийдің оттегімен қосындысы). Екінші компоненттің аздығына қарамастан ( 5% жуық), зат ұнтақ түрінде болып шықты.

Зерттеушілер тобының жетекшісі Бен Картердің айтуынша, «құрғақ су» кәдімгі судан бірнеше есе тәуір. Оның үстіне бірнеше газ түрін бойына сіңіре алады. Сондай-ақ өзге араластырылмайтын сұйықтықтармен де біріктіруге болады. Яғни, осы жаңалықты қауіпті заттарды тасымалдауда неге қолданбасқа. Бұл қоршаған ортаның қорғауда пайда әкелері сөзсіз, деп жазады billionnews.ru.

Дереккөз: ҚазАқпарат

16 ақпан 2016, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.