Атырау, 25 сәуір 12:32
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Астанада өлтірілген жігіттің мәйітін табуға экстрасенс көмектескен". "Жаңа Білім министрі жастық шағында орыстілді ортада тәрбиеленгенін айтты". "Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіру: 10 жыл толастамаған дау". "Сайлау сценарий бойынша өте ме?".

4 833 просмотра

TENGRINEWS.KZ. "Медициналық университеттегілер Ерасыл Әубәкіровтің қандай студент болғанын айтып берді" - "Астана" Медициналық университетінде оқытушылар мен студенттер Ерасыл Әубәкіровті еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғары оқу орнында еске алу бұрышы ашылған. Онда студенттер гүл қойып жатыр. Сонымен қатар, экранда Ерасылдың суреті мен "Еске аламыз, қайғырамыз" деген жазу бар.

NUR.KZ. "Қазақстанда қыздың қалың малы қанша тұрады?" - Халық арасында «Бай мен бай құда болса, жорға жүреді. Кедеймен кедей құда болса, дорба жүреді» деген сөз бар. NUR.KZ интернет-порталы қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде қыздар үшін сұралатын қалың мал көлемін біліп көрді.

"Астанада өлтірілген жігіттің мәйітін табуға экстрасенс көмектескен" - Астанада өлтірілген Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін табуға Әзірбайжан экстрасенсі Кямран Самедов көмектескен. Ер кісі оған туыстары ертерек жүгінгенде Ерасыл тірі табылар еді деген пікірін білдірді деп хабарлайды порталы сілтеме жасап.

SN.KZ. "Жаңа Білім министрі жастық шағында орыстілді ортада тәрбиеленгенін айтты" - Күні кеше ҚР Білім және ғылым министрлігінің тізгінін Ерлан Сағадиевтің ұстағанын хабарлаған болатынбыз. Жаңа министр 2013 жылы TEDxAlmaty форумында тіл мәселесіне ерекше тоқталып, жастардың қай тілді меңгеруі тиіс екенін мәлімдеген болатын. Үштілділік принципін қолдайтынын жеткізген ол өзінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгергендігін де сол жиында мақтана айтқан.

AZATTYQ.ORG. "Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіру: 10 жыл толастамаған дау" - Оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіргеннен бері 10 жыл өтті. Бірақ «Қастандыққа тапсырыс беруші кім? Қандай елге айналдық?» деген дау әлі толастаған жоқ.

"Абхазияда абортқа тыйым салынды" - Грузияның өзін тәуелсіз деп жарияланған Абхазия аймағы халық санын көбейту мақсатында жасанды түсікке тыйым салатын заң шығарды.

"Тәжікстанда конституциялық референдум өтеді" - Тәжікстанда конституцияға қазіргі президенттің билігін күшейтетін өзгерістер енгізілген соң референдум өтетін болды. Референдум 22 мамырға белгіленді.

QAMSHY.KZ. "Қырық жыл қытай түрмесінде отырған Қажығұмар ШАБДАНҰЛЫ туралы деректі фильм (ВИДЕО)" - Атақты алты томдық «Қылмыс» романының авторы, өмірінің қырық жылынан астамын Қытай түрмесінде өткізген жазушы Қажығұмар Шабданұлы туралы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Елім-ай» оралмандар хроникалары деректі фильмінде мол мағлұмат беріледі. Фильмде жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы құнды естеліктер айтылады.

"Сатылымға шығарылған «Қазақстан темір жолына» неге зейнетақы қорынан 200 млрд бөлінуі керек?" - Қазақстан қор биржасының сайтында 8 ақпан күні жарияланған «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның (ҚТЖ) ресми хатында Ұлттық банктің бірінші облигациялық бағдарламаларының шығарғанын тіркегені айтылады. Құжатта облигациялық бағдарлама құны 200 миллиард теңгені құрағаны хабарланған. Forbes.kz ұлттық компания облигацияларының шығарылуы туралы сарапшылардың пікірін біліп, оны кім сатып алуы мүмкін екендігін сұраған.

"Аслан Сәрінжіпов не үшін қызметінен кетті?" - Бүгін кешке таман Президент Жарлығымен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қызметінен босап, орнына Ерлан Сағадиев тағайындалды. Мамандығы экономист Ерлан Сағадиев елге танымал академик Кенжеғали Сағадиевтың ұлы. Әр жылдары түрлі коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен. Алматыдағы Халықаралық бизнес академиясын құрушылардың бірі. Көп жылдар бойы қаржы, бизнес жобалар саласында қызмет еткен кіші Сағадиевтің Үкімет құрамында атқарған қызметтері Премьер-министр кеңесшісі (2012-2013), индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі (2014-2015) лауазымдары ғана.

HALYKNEWS.KZ. "Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасы әртүрлі жобаларға жұмсалатын болды" - Зейнетақы қорындағы 1,450 трлн теңге инвестиция ретінде пайдаланылады. Кеше, Үкіметтің кеңейтілген отырысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «2014 жылы мұнайдың бір баррелі 115 болды. Жылдың аяғында төмендеді. Былтырғы жылдың қаңтар айында 60-қа жақын болды. Биыл қаңтар айында 30-дан кем болды. Соңғы 15 жылдың ішінде мұндай баға болған емес. Бағаның екі есе төмендеуі біздің экономикаға әсер етпей қоймайды. Сондықтан тағы да жедел шара қолданып, биылғы жылдың жағдайын ойлауымыз керек», — деді.

"Венесуэла бағыты Ресейге сабақ бола ма?" - 2015 жылы әлемдік нарықта мұнайдың бағасы күрт арзандады. Алайда, ірі мұнай өндіруші елдердің арасында одан ерекше зардап шеккен — Венесуэла мен Ресей ғана болып отыр. Венесуэланың жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 10 пайызға (Халықаралық валюта қорының бағалауы), ал Ресейдікі 3,7 (Росстат) пайызға құлаған. Рас, Бразилияның ЖІӨ-де (-3%) азайған, бірақ ол негізгі мұнай өндіруші елдердің қатарында көп атала бермейді. Басқа елдердің бәрінде өсу байқалады: Сауд Аравиясында — 3,4 %, Норвегияда — 0,9 %, АҚШ-та – 2,6 %, Канадада 1,0 %. Осыған қарап, мұнайдың бағасы — экономиканың дамуындағы басты фактор еместігін аңғаруға болады. Венесуэланы не үшін айтып отырмыз? Өйткені Ресей де көп ұзамай соның кебін киюі мүмкін. Венесуэланың жағдайы расымен-ақ, өте ауыр. Олардың ЖІӨ 4 пайызға 2014 жылы құлаған болатын. Ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша, Ресей де сол көрсеткішке жақындап қалды.

"Шымкенттің салқын сырасы һәм орыс десанты" - Шымкент сыра зауытының қожайыны Тоқтар Төлешовке әзірше екі айып тағылды: Қылмыстық Кодекстің 266 бабының 3-тармағы (қылмыстық топты қаржыландырды, мүлкін сақтады, таратты, қаржыландыру көздерін ұйымдастырды) және 297 бабының 3-тармағы (есірткі заттары, психикаға әсер ететін дәрілер және сол сияқты заттарды заңсыз дайындады, өңдеді, сатып алды, сақтады, сату үшін тасымалдады).

INFORM.KZ. "Аңшылық иттерді тіркеп, төбет пен тазылардың шежіресін жасау қажет - О. Әбдікәрімов" - АСТАНА. ҚазАқпарат - Аңшылық иттерді тіркеп, төбет пен тазылардың шежіресін жасау қажет. Бүгін Астанада «Аңшылық шаруашылығын дамыту және жануарлар дүниесін қорғау мен қолдау мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестігі және аңшылық шаруашылық субъектілерінің республикалық қауымдастығының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов осылай мәлім етті.

NEWSKAZ.KZ. "Әділет министрлігі: ҚР-да тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы заң пайда болады" - Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар салық салу, бюджет, әкімшілік құқық бұзушылық, зияткерлік меншік және басқа да қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу қарастырылуда.

ABAI.KZ. "Сайлау сценарий бойынша өте ме?" - Президент пәрменінен кейін еліміздегі "етжеңді" партиялар құрылтайларын өткізіп, сайлау науқанына белсене кірісіп кетті. Бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісі тарихи миссиясын аяқтап, Ұлт жоспарының негізін қалады. Бұл заң жобалары бірінші қаңтардан бастап күшіне енді. Ал алтыншы шақырымнан не күтеміз? Мәжіліс сайлауынан кейін не өзгереді? Бүгінде жаһандық экономикадағы ахуал күрт нашарлап кетті. Бұған мұнай бағасының төмендеуі, бір жағынан мемлекетаралық шиеленістер де себеп. Экономикадағы мұндай күрделі жағдай – халықаралық саяси аренада өз орны бар Қазақстанды да айналып өтпейтіні сөзсіз. Бұл ретте, әр ел өзіндік шешім қабылдайды. Соның бір көрінісі – мерзімінен бұрын Параламент Мәжілісінің сайлауын өткізу.

"Ресейлік әлеуметтік желілерде кремль саясатының салқыны бар..." - Күнделікті өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналған әлеуметтік желілердегі оң және теріс құбылыстар жөнінде авторларымыздың бірі арнайы жазып еді. Сол орайда, қоғамдық тұлғалардың да пікірін білген едік.

EGEMEN.KZ. "Жұлдыз жандырар жоба «Қазақстан дауысының» әділ өтетініне сенбейтіндер әлі де бар. Неге?" - Еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген талай талантты жастардың томағасын сыпырып, өнер айдынына шығарған «Қазақстан дауысы» жобасының продюсері, радиожурналист, тележүргізуші Кенже ЖҰМАНҰЛЫМЕН әңгімелескен едік.

ULT.KZ. "Алтынбек СӘРСЕНБАЕВ: Қазақты кедейшіліктен құтқарудың жалғыз жолы - демократия" - Күні кеше арамызда күліп-ойнап, жайраңдап жүрген жанның бір күндері естелікке айналарын кім ойлаған? Жәй ғана өксікті естелік емес, өзгелер ой-санасын, дүниетанымын, өмірлік принциптерін сонымен салыстыратын тұғырлы тұлғаға айналуы тағдырдың жазуы. Қазақ тарихында, тәуелсіз еліміздің қиын-қыстау күндерінде жастығына қарамай көшбасшылық деңгейге көтерілген арлы азамат, сұңғыла саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев арамызда қазір жоқ болса да, өзін толғантқан ойлары, ұстанған принциптері, мемлекетшілдігі және әрқашан қазақ ұлтының мүдделерін жеке бастың қам-қарекетінен жоғары қоя білуі оның есімін еліміздің тарихында алтын әріптермен жазып қалдырды. Алтынбектің арқауы алтын ұстанымдары әлі күнге маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ендеше, ойлы оқырмандардың назарына марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың шоқтай қызу ойларының бір шоғырын ұсынып отырмыз.

TURKYSTAN.KZ. "Жоғалған босқын балалар Еуропаның түн ұйқысын төрт бөлуде" - Әлемде босқындар тасқыны толастамай тұр. Бүгінде еріксіз қоныс аударуға мәжбүр болғандардың саны 60 миллионнан асқан. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі басқармасының мәлімдеуінше, соңғы жылдары күн сайын 4600 адам босқынға айналуда.

"Қырғызстан Ресеймен арадағы келісімді тоқтатты. Неге?" - Қырғызстан мен Ресей арасындағы Қамбарата-1 СЭС-і мен Жоғарғы Нарын сарқырамасы СЭС-ін салу туралы үкіметаралық келісімнің бұзылатыны туралы болжамдар өткен жылдың күзінен бері басылым беттерінде бірнеше рет қылаң берген еді. Себеп – экономикалық дағдарыс салдарынан жоба инвесторы – Ресейдің келісім аясында берген уәделерін орындай алмауы. Екі бірдей СЭС-тің құрылысы тұралап қалғаннан кейін Бішкектің келісімді бұзғаннан басқа амалы қалмады. Қырғызстан парламенті қабылдаған келісімді бұзу туралы заңға 22 қаңтарда мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев қол қойды. Алатау бөктеріндегі ағайындар ғасыр құрылысы деп бағаланған екі су электр станциясының жобасына жаңа инвесторлар іздеуге кірісті.

"Герольд Бельгер: Қазақтың ең басты қателігі – тым еліктегіштігі" - Ақпанның 7-де қазақ елін туғаным деп санаған, қазақ тілін ана тілінен артық меңгерген, қара сөздің қайығы, қазақтың «сары» шалы Герольд Бельгердің арамыздан кеткеніне жыл толды. Бақиға аттанған қазақтың томардай ғана сары шалының соңғы сұхбаттарын ақтарып отырып, оның рухани толғамдары мен қазақтың рухты тілі туралы ойларының қандай терең болғандығына көзіңіз жете түседі.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "«Теңгенің құлдырауын өндіріс секторымен байланыстырамын»" - Соңғы кездері ұлттық валютамыз — теңгенің доллардың қатты қысымына ұшырауы күшеймесе, бәсеңдемей отыр. Егер әлемдік нарықтағы мұнай бағасы барреліне 40 доллардан төмен болса (ол көрсеткіш қазірдің өзінде 30 долларға таяп қалды), онда елдің үш жылға арнап жасаған бюджетінің орындалуына қатер төнбек, өйткені онда мұнайдың жылдық орташа бағасы барреліне 40 доллар деп есептелген.

11 ақпан 2016, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.