Атырау, 18 сәуір 05:25
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі ауысты

3 406 просмотра

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің білім және ғылым министрі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметте Аслан Сәрінжіпов болған еді.

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев 1966 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. 1990 жылы "Экономика" мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист. 1993 жылы Миннесота штатының Университетін бітірді, АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Қолданбалы экономика департаментінің ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастаған. Дүниежүзілік банкінің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің кураторы болған (АҚШ, Вашингтон қаласы). 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін "Жаңа технологиялар. Қазақстан" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы болды, бас директордың лауазымын атқарған. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2014 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 ақпан 2016, 19:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.