Атырау, 19 сәуір 11:18
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Германияда пойыздардың неден соқтығысқаны белгілі болды

1 139 просмотра

Image 0Баварияда пойыздардың соқтығысуына адам факторы себеп болған, деп хабарлайды RedaktionsNetzwerk Deutschland құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Диспетчерлердің бірі кешіккен пойызды өткізу үшін автоматты дабыл жүйесін сөндіріп тастаған. Құрам қарама-қарсы жүйткіп келе жатқан пойызбен соқтығысып қалмас үшін, дер кезінде жол қиылысын кесіп өтуі тиіс болған. Алайда дәл осы сәтте диспетчер екінші пойызға да жүруге рұқсат берген.

Естеріңізге салып өтсек, жол апаты 9 ақпан күні таңертең Германияның оңтүстігінде орын алды. Екі жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан 10 адам қаза тапқан. 80-ге жуығы түрлі жарақат алды.

Дереккөз: bnews.kz


10 ақпан 2016, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.