Атырау, 29 наурыз 17:11
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бішкек мэрі отставкаға кетті

1 981 просмотра

Image 0Бішкек мэрі Кубанычбек Кулматов өз еркімен отставкаға кетті деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Бірақ президенттің Кулматовтың отставкасын қабылдағаны туралы ресми жарлық әзірге шыққан жоқ.

Отставкаға кеткенін растаған Кулматов Азаттыққа бұл шешімді не үшін қабылдағанын айтқан жоқ. Ол бұл жайлы арнайы баспасөз конференциясында айтуға уәде берді.

Кулматов Бішкек мэрі болып 2014 жылдың 15 қаңтарында Иса Омуркуловтың орнына тағайындалған.

2015 жылдың 1 қыркүйегінде Бішкектегі мектептердің біріне барған президент Алмазбек Атамбаев Кулматов егер жыл соңына дейін қоқыс шығару мәселесін шешпесе басқа жұмыс іздеуге мәжбүр болады деп мәлімдеген.

Қырғызстан заңдары бойынша, Бішкек мэрі мерзімінен бұрын қызметінен босаса орталық сайлау комиссиясы бос қызмет орны пайда болғаннан 10 күннен кешікпей сайлау мерзімін белгілейді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

10 ақпан 2016, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.