Атырау, 29 наурыз 07:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Назарбаев баспана құрылысына қаражат бөлуді тапсырды

1 865 просмотра

Image 0Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

"Бағамды реттеу арқылы үнемдеу мүмкіндігін бағалай отырып, біз дағдарысқа қарсы қосымша шараларға қаражат бөле аламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Оның сөзі Ақорданың Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында 360 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Ол 53 миллиард теңгені жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бөлу керек екенін айтты.

"Жекеменшік құрылыс салушыларды қолдау мақсатындақайтарымды негізде 97 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Жалға берілетін баспаналарды салуға 149 миллиард теңге, оның ішінде салымшыларды несиелеуге 22 миллиард теңге бөлінсін", - деді Президент.

Назарбаев баспана бағасы әлеуметтік негізде болуы керек екенін айтты.

"Бұл 2016 жылы қосымша 1,5 миллион шаршы метр баспананы қолданысқа беруге септігін тигізеді", - деді Назарбаев.

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында 2016 жылы 76 миллиард теңге бөлу тапсырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 28 миллиард теңгені 42 жаңа мектеп пен апатты мектептерді қалпына келтіруге жұмсауды тапсырды.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 ақпан 2016, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.